Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кез...
Алматыға әлемнің 17 мемлекетінен жазушылар жиналды
Әлем жазушылары Қазақстандағы "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыруға атсалыспақ.
Менің Халықаралық ПЕН-клубты басқарғаныма төрт жылдан асты. Осы қызметке тағайындалған сәттен алдыма орындалуы керек маңызды екі тапсырма қойдым. Олар – жазушылар мен журналистердің құқығын қорғау және қазақ әдебиетін шетелге насихаттау. Әсіресе, ағылшын тілінде дамыту. Себебі, ағылшын әлемінде жоқ жазушының болашағы жоқ. Сондықтан да мен осы мәселені қолға алдым. Әлем тек бізді қазба байлықтарымыз бен қуатты экономикамыз арқылы таниды. Ал біз әдебиетімізді де бүкіл әлемге танытқымыз келеді. Форумды өткізу идеясы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың “Рухани жаңғыру” бағдарламасынан туындады, – деді Бигелді Ғабдуллин.
Айта кетейік, Президенттің “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласында: Егер біз ұлт болғымыз келсе…, онда “Жаһандық әлемдегі қазіргі заманғы мәдениет” жобасын дамытуымыз керек, – делінген еді.