Құлан иек таң атып келеді. Еренқабырғаның биылғы қысы жайлы болып тұр. Анау айтқандай сары аяз...
Асқар Наймантаев. Таң қалам
1375
Бір облыстың әкімі ұшты-күйлі жоқ болып кетіпті.
Енді жоғалып кеткен мен сияқты қаңғыған әртіс емес, әкім болған соң пәлитсиә да, ит те, әскер де, балшы, балгер де іздейді. Шарқ ұрады.
Үшінші күні бір шал «Өй, әкімдерің дін аман, орманның ортасында отыр, омалып!» – дейді.
Жұрт салып ұрып орманға барса, әкім отыр. Екі көзі құмырсқаның илеуінде.
– Оу, бұл не отырыс? Жай ма?
– Жай... Үш күннен бері мына құмырсқаларға қарап отырмын. Не әкімшілік жоқ, не бір бригадир жоқ, не полиция жоқ. Бірақ, жұмыс жүріп жатыр, жүріп жатыр. Әлі бір жиналыс болған жоқ! Таң қалам, қалай сонда?