Бүгін - Дүниежүзілік Жазушылар күні

ӘДЕБИЕТ
2315

Халықаралық жазушылар күні (толық атауы Жазушының халықаралық бейбітшілік күні) — кәсіби мейрам, 3 наурызда тойланады, «төртінші билікті» демократиялық баспаның жағымсыз аспектілеріне қарсы шығуға, жалған жарияланымдардан бас тартуға, қасақана жасалған фальсификациялардан, фактілерді әдейі бұрмалау немесе саяси, топтық және жеке мүдделері үшін оларды арам пиғылмен интерпретациялауға қарсы болуға шақырады.

Жазушының қаруы

1921 жылы ПЕН-клуб құрылды (атауы — аббревиатура, ақындар (ағылш. poets), очеркшілер (ағылш. essayists) және новелла авторлары , романисттер (ағылш. novelists сөздерінің бірінші әріптерінен қысқартылып алынған). Бұл үш әріп қалам (ағылш. pen) сөзін құрайды).  Ұйым атауы ағылшындық жазушы Кэтрин Эми Доусон-Скоттқа тиесілі. ПЕН-клубтың алғашқы президенті - Джон Голсуорси. 

1923 жылы Лондонда ПЕН-клубтың алғашқы халықаралық конгресі өтті. Аталған уақытта ПЕН-орталық әлемнің 11 елінде бар болатын. Бүгінгі таңда олар әлемнің 130 елінде, оның ішінде Қазақстанда да бар. ПЕН-клуб - халықаралық жазушылар бірлестігі, оның Хартиясында «әр елдің ішіндегі және барлық елдер арасындағы ақпарат бостандығы принциптерін қорғауға жақтасу» деп көрсетілген. Халықаралық жазушылар күніне орай "Мәдениет порталы" Қазақстан қаламгерлерін кәсіби мейрамымен шын жүректен құттықтайды және шығармашылық табыс тілейді!

madeniportal.kz

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...