Ерболат БАЯТҰЛЫ. Өмір солай!..

ӘДЕБИЕТ
1888

Осы ғұмырда жасағанымның бәрі де текке демегін,
Өмірде онсыз да реніштер көп...
Өкпелемегін!

Ажалдың алдында да ақырғы рет бір күлем дегейсің,
Санаңа сарқып бәрін қайтесің...
Ренжімегейсің!

Өмір -өзен тоқтаусыз, жоқ мұнда ұстап алар ағын. 
Күнәсіз пенде қайда бар деп едің?..
Күстаналамағын!

Ғайыпқа барады бір күні ағып түссе ғайыптан ағын,
Ардың соты бәрінен қиын екі дүниеде...
Айыптамағын!

Жалғанның жарығында жаныңды тәніңе аз күн қамайсың,
Жалт еткен сәуле- жарық дүние...
Жазғырмағайсың!

Сірә біреуге Күнсің жарқыраған сірә маған Айсың,
Күнәнің тоғызы тілден деуші еді...
Кіналамағайсың!

Өмір солай...өкпек жолаушымыз... дамыл алмайсың,
Өмірді де, өлімді де өз суретімен...
Қабыл алғайсың!

author

Ерболат Баятұлы

ҒАЛЫМ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...