Осыған дейін ақындар арасында «Папирус» айдарын жүргізгеніміз ел назарында. «Тәуел...
МЕРЕКЕ ҚҰЛКЕНОВ. ӘДЕБИЕТ АКАДЕМИЯСЫН АШУ ИДЕЯСЫН ҚУАНА ҚОЛДАЙМЫЗ
Елбасымыз жаңа 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялап, еліміздің жасампаз түлектерімен арнайы кездесіп, мазмұнды сұхбат өткізуі біз үшін елеулі оқиға болды.
Қазақстан егемендік алғалы алғашқы күннен бастап, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастар мәселесін бір сәт ұмытқан емес. Оған елімізде жаңадан салынған жаңа мектептер мен жоғары оқу орындарының әсем ғимараттары, спорт кешендері, жастар сарайлары куә.
Елбасымыздың қазақстандық жастарға терең білім беруімен қатар, салиқалы тәрбие қажет екендігін де үнемі айтып келеді. Әсіресе ата-бабамыздан мұра болып қалған – үлкенді сыйлау, біреудің ала жібін аттамау, елі мен жерін шексіз сүю, тарихын, мәдениетін жан-жақты білу, ғылым мен білімді бір кісідей меңгеру сияқты қағидаларды қазіргі заман талабына орай қалай жүзеге асыруға болады деген толғамды ойлары барша халықтың көңілінен шықса керек.
Ал біз, жас қаламгерлердің «Ұлттық әдебиетіміздің болашағы жас жазушылар үшін Әдебиет академиясын ашу керек» деген ұсынысын қуана қолдаймыз. Бұған дейін біздің талантты жас қаламгерлеріміз Мәскеуде, шет елдерден тиіп-қашып әдеби білім алатын, енді міне, сол жоғары білім ұясы өзімізден ашылғалы тұр. Бұған қалай қуанбассың!
Мақтанғандық емес, қазақ жастары аса талантты. Қазір үш немесе одан да көп тілді білетін жастарымыз молайып келеді. Соның арқасында қазақ балалары әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарында білім алуда.
Қазақты бүкіл әлемге танытып, өзге ұлттарды қазақша сөйлетіп, ән салғызып жүрген Димаш Құдайбергенов, киноактриса Әсел Исламова, марқұм Денис Тен тағы басқа таланттарымыз – біздің тәуелсіз еліміздің түлектері. Сондықтан біз Мемлекетіміздің жастарға деген әкелік қамқорлығына дән ризамыз.
жазушы,
Қазақстан Жазушылар одағы
басқарма Төрағасының орынбасары,
«Құрмет» орденінің иегері