(естелік-эссе)Қызық тақырып шығар?! Бұрын дәл осылай ешкім жаза қоймаған болар, бәлкім... Ал, м...
«Қазақ пен қала» проза байқауына шығарма қабылдау жалғасуда
Қазақ прозасындағы қала тақырыбын тереңдей игеру мақсатында осымен екінші жыл өтіп жатқан «ҚАЗАҚ ПЕН ҚАЛА» проза байқауына шығарма қабылдау жалғасуда. Қатысам деушілер төмендегі шарттарға сәйкес келетін шығармаларын жолдауы тиіс. Қатысушылардың өтініші бойынша шығарма қабылдау 25 қарашаға дейін ұзартылды.
Байқаудың шарттары:
- Байқауға қатысушылар әдебиет пен мәдениеттің орталығы – Алматының бүгінгі тыныс-тіршілігі мен ондағы тұрғындардың қилы тағдырларын суреттеген прозалық шығармаларын жолдай алады;
- байқау, жалпы, қала прозасына арналғандықтан, қала атының нақты аталуы шарт емес;
- прозалық шығарманың көлеміне Times New Roman қарпі, 14 кегль өлшемі бойынша (1 жоларалық өлшем) 25 беттен аспауы керек:
- байқауға лақап атпен ұсынылған шығарма қабылданбайды;
- байқауға жолданған шығарма авторы суреті мен қысқаша өмірбаянын таныстырылым үшін жазып жіберуі шарт;
- байқауға ұсынылған шығарма бұрын ешқайда жарияланбаған болуы тиіс;
- байқауға қатысушылардың жасы 45 жастан аспауы керек.
Шығармаларды қабылдау 25 қарашаға дейін жалғасады.
Байқау жеңімпаздарын елге белгілі әдебиетшілер мен ақын-жазушылардан құрылған қазылар алқасы анықтайды.
Байқауға ұсынылған шығармаларды бағалау кезінде олардың:
көркемдік деңгейінің жоғары болуы;
қала прозасы жанрына қойылатын талаптарға сай болуы;
қала адамының психологиясы мен қала көріністерінің сенімді суреттелуі;
әріптік және стильдік қателіктердің болмауы талап етіледі.
Талапқа сай емес немесе көркемдік деңгейі төмен шығармалар іріктеуден өтпейді.
Байқауға ұсынылатын шығармалардың тақырыптық ауқымы:
байқау қатысушыларына тақырыптық шектеу қойылмайды; қала, урбанизация, урбанистік мәдениет тақырыбына арналған кез келген шығарма қабылданады.
Соның ішінде:
қазақ пен қала;
тарих толқынындағы қала;
бүгінгі қала тіршілігі;
қаладағы жастар өмірі;
қазақтың қалаға бейімделуі;
урбанизация;
қала мәдениеті;
қазақ ұғымындағы қала мен шынайы өмірдегі қала («қала – қазаққа жау»; «қала – қазаққа жанашыр» т.б.);
қалада туып, қалада өскен адамдардың бейнесі;
ауылда туып, қалада өскен адамдардың бейнесі;
қылмысты қала (детектив), т.б.
Байқауға қатысу үшін:
шығармалар компьютерде теріліп, Times New Roman қарпі, 14 кегль өлшемі бойынша (1 жоларалық өлшем) жазылып, электронды нұсқада тиісті мекенжайға жолданады;
қатысушы аты-жөні, тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі, электронды адресі, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпаратты электронды нұсқада қоса жолдауы тиіс.
Қосымша ақпарат:
байқауды әділ түрде өткізу мақсатында барлық талаптарға сай жазылған шығармаларды оқырмандар «Жас Алаш» газетінен оқи алады. Жоғарыда көрсетілген өлшемге сәйкес, алты беттен аспайтын шығармалар газет бетіне, алты беттен асатын шығармалар газет сайтына жарияланып отырады. Бұл өз кезегінде қазылар алқасының әділ шешім шығаруына және байқаудың ашық түрде өткізілуіне ықпал етеді.
Байқау жеңімпаздары анықталған соң, байқауға қатыстырылған (газетте жарияланған) барлық шығармалар жинақталып, прозалық жинақ шығады.
Үміткерлер шығармаларын «Қазақ пен қала» байқауына қатысу үшін!» деген ескертпемен zhasalash2017@gmail.com электронды поштасына жолдайды.
Байқау қорытындысы марапаттау рәсімінде ғана жарияланады. Марапаттау Алматы қаласында өтеді (өзгерістер болса арнайы хабарланады). Байқау жеңімпаздары анықталған соң, авторлар жеке хабарландырылады.
Жүлде қоры:
1-орын – 1 миллион теңге,
2-орын – 500 теңге,
3-орын – 300 теңге,
Екі ынталандыру жүлдесі – 100 теңгеден.
Мекенжай:
050044, Алматы қаласы
Достық даңғылы 97/Б үй, 7/3 кеңсе
Республикалық «Жас Алаш» газеті
Телефондар:
Қабылдау бөлімі – 8(727) 346-89-54
Электронды пошта: zhasalash2017@gmail.com