Қазақстанның Франциядағы елшілігінде қазақ диаспорасының өкілдері, INALCO институының студенттері ме...
Қазақ қаламгерлері Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдады
Қазақ қаламгерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына мемлекеттік тілдің мәртебесі мен оның төңірегінде елімізде болып жатқан соңғы жағдайларға байланысты ашық хат жолдады. Ашық хат ақын Танагөз Толқынқызының әлеуметтік желі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа
Ашық хат
Біз, қазақ қаламгерлері, мемлекеттік тілге деген жанашырлығыңызды ескере отырып,соның төңірегінде елімізде болып жатқан соңғы жағдайларға байланысты Сізге ашық хат жолдауға мәжбүр болып отырмыз. Ендеше осы хатқа себеп болып отырған мәселелерге тоқталсақ.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейту әрбір қазақстандықтың қасиетті парызы болуы тиіс. Алайда, тіл жанашырларының кейбір лауазымды тұлғалар мен атқарушы билік тарапынан қағажу көруі көбеймесе, азаяр емес. Мәселен, қоғам белсендісі Қуат Ахметовтің қудалауға ұшырап, елден кетуге мәжбүр болуы – осының бір дәлелі. Қағажу көруі былай тұрсын, тіпті, өз отанынан пана таппай, шетелге бас сауғалауы жеке азаматқа ғана емес, тілге жасалған қысастық деп түсінген иісі қазақтың ашу-ызасына тиіп, билікке деген наразылығын ұлғайтты. Бұған дейін де үлкенді-кішілі лауазымдарды иеленіп отырған мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін дамытуға құлықсыз екенін аңғартатын әрекеттері аз болған жоқ.
Ал жақында ғана Қазақстан Президенті әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Дәурен Абаевтың тіл жанашырларын «үңгірдегі ұлтшылдар» деп мазақ етіп, ресейлік журналистің алдында жалпақшешейлік пен табансыздық танытуы онсыз да тұралап тұрған тіліміздің тұғырын шайқап кетті. Алайда сол Абаев мырзаға не Сіздің, не Үкімет мүшелерінің тарапынан қандай да бір шара қолданылғанын байқамадық.
Құрметті Президент!
Өзіңіздің алғашқы жолдауыңызда айтылған: «Қазақ тілінің мәртебесі мемлекеттік тіл ретінде күшейіп келеді. Ол ұлтаралық қатынас тілі болатын кезең келіп жетті. Алайда ол үшін бәріміз бірігіп жұмыс істеуіміз керек», – деген аталы сөзіңіз жұрт көңілінен шығып, қастерлі Ана тіліміздің мерейін өсіргендей болып еді.
Елімізде қордаланып қалған қазақ тілінің мәселелерінің онсыз да мүшкіл жағдайы баршамызға мәлім. Мемлекеттік тілді білмейтін азаматтардың мемлекеттік қызметке қабылданбауын және лауазымды мемлекеттік қызметке тағайындалмауын сұраған халық талабы қанша жылдан бері ескерусіз қалып келеді. «Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды» деген тәмсілді Кемелдей кемел жазушының баласы Сіз түсінеді деп ойлаймыз.
«Халық қаласа, хан түйесін сояды» деген ұлы халықтың өкілі және халық сайлаған Президент ретінде сіздер Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабындағы 2 тармағын алып тастайтын уақыт әлдеқашан жеткенін мойындауларыңыз керек.
Сондай-ақ, ҚР Конституциясын алдыңызға көлденең тарта отырып, («Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ, оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды». ҚР Конституциясы 10 бабының 2 тармағы),бейбіт күнде ана тілінің тағдыры үшін алаңдаушылық білдірген қоғам белсендісі Қуат Ахметовтің мәселесіне Өзіңіз назар аударып, қылмыстық қудалауға түсуіне жол бермеуді, сонымен қатар мемлекеттік тілдің тағдыры үшін жанын салып күресіп жүрген тіл жанашырларының жолын кесіп, «қолдан жасалған қылмыстық жауапкершілікке» тартуды тоқтатуды талап етеміз. Есесіне, мемлекеттік тілді менсінбей, заңмен бекітілген құқықтарын аяқасты етушілерге қатысты жауапкершілікті күшейту құба-құп болмақ.
Жалпы, қазақ қаламгерлері мен зиялы қауым өкілдерінің осы талабы «Еститін мемлекеттің» құлағына жетіп, елдегі жалпы саны 75 пайыздан асқан мемлекет құраушы ұлт тілінің мәртебесі Мемлекеттік тіл тұғырына шын мағынасында орнығып, қанатын кеңге жаяды деп үміттенеміз.
1.Танакөз Толқынқызы
2.Ақберен Елгезек
3.Алмат Исәділ
4. Айнұр Төлеу
5.Анар Шамшадинова
6.Айбек Ережеп
7.Айзада Рақымжанова
8. Асылбек Жаңбырбай
9.Айдана Сегізбаева
10.Айжан Тәбарак
11.Әлібек Шегебай
12.Әлімжан Әлішер
14. Әлия Дәулетбаева
15.Бақыт Беделхан
16.Бағдат Мүбарак
17.Бақытгүл Бабаш
18.Батырхан Сәрсенхан
19.Бауыржан Әлқожа
20.Бауыржан Игілік
21.Гүлбақыт Қасен
22.Дәулеткерей Кәпұлы
23.Данияр Әлімқұл
24.Дәурен Тілеухан
25.Ділда Уәлибек
26.Ержан Алаштуған
27. Ербол Бейілхан
28.Ерік Нарынов
29.Естай Жаңабай
30.Жанат Жаңқашұлы
31. Жанар Әбсадық
32.Жанар Айлаш
33.Жанаргүл Қадырова
34.Жангелді Немеребаев
35.Жарқынбек Амантай
36.Жұлдыз Бейсек
37. Қайрат Сейітқазин
38. Қуаныш Оспан
39.Мерген Тоқсанбай
40.Мерей Қарт
41.Мұхтар Күмісбек
42.Мұхаммед Қоңқаев
43.Манарбек Қыдарбайұлы
44. Мадияр Төлеу
45.Наурызбек Сарша
46.Нұрболат Жаңабекұлы
47.Нұртас Тұрғанбекұлы
48.Нұркен Нұрғазы
49.Олжас Қасым
50. Олжас Сәндібек
51. Өзгеріс Қуанар
52.Рауан Қабидолдин
53.Руслан Нұрбай
54.Сағыныш Намазшамева
55.Серғазы Қайырболды
56.Толқын Қабылша
57.Ұларбек Дәлейұлы
58. Ұларбек Нұрғалым
P.S. Бізге қосылып, қол қоямын деушілер болса, тізім жалғасады.