Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» атты мақаласы...
Сексуалды ориентациясы дәстүрлі емес ақындар мен жазушылар
ХІХ-ХХ ғасырдың басында австриялық психиатр және психоанализдің негізін қалаушы Зигмунд Фрейд барлық адамдарға туа біткен бисексуализм тән деп санады. Қанша жерден Фрейдтің айтқанымен келіссек те яки келіспесек те адамзат құрған қоғам ішінде сексуалды ориентациясы дәстүрлі емес жандар жетерлік. Мысалы, ең алғашқы біржынысты махаббат хикаясы ретінде «Неферкара мен қолбасшы Сисин жайлы оқиға» есептелсе, Герадот пен Платон сынды ғұламалардың шығармаларында біржыныстылық жөнінде хикаяттар да кездеседі. Тіпті Гильгамештің бисексуалдығы жөнінде тартыс әлі күнге дейін жалғасу үстінде. Бұлардан бөлек те тарих беттерінде «айтылуы қиын» ориентациялы адамдар жайлы деректер жетіп артылады. «Мәдениет порталы» әлем әдебиетіндегі сексуалды ориентациясы дәстүрлі емес ақындар мен жазушылардың бірнешеуін оқырман назарына ұсынады. Мархаббат!
Оскар Уайльд – кейінгі Виктория кезеңіндегі ең танымал жазушы және драматургтердің бірі. Қос жынысты, яғни бисексуал. Әуел баста классикалық құндылықтарды алдыңғы орынға қойып, Констанс Уайльдқа үйленеді. Бұл некеден екі бала - Кирилл және Вивиан есімді екі бала дүниеге келеді. Бірақ атақты «Дориан Грейдің портреті» романының авторы «гомосексуализммен» айыпты деп танылып, екі жыл түрмеде отырады. Түзеу жұмыстарынан кейін амалсыз аты-жөнін өзгертіп Францияға қоныс аударады. Оның Альфред Дугласпен махаббаты бөлек бір оқиға.
Марсел Пруст – қызтеке француз жазушысы. Алғашқы сөйлемнен-ақ оған «қызтеке» деуімізге еш ренжімейсіз деп ойлаймыз. Себебі Прусттың өзі де өмір бойы өзінің сексуалды ориентациясын жасырған емес. Тіпті өзі жиі бас сұғатын гомосексуал жезөкшелер үйін қарыландырып отырғанын мақтан тұтқан қаламгер.
Поль Верлен және Артюр Рембо — атақты француз ақын-ғашықтар. Екі ақын жайлы тарихи деректер мен қаңқу сөздерден бөлек, киномотография саласында олардың өмірі туралы «Толық тұтылу» (1995) биографиялық фильмі түсірілген. Бәлкім, жас қазақ ақын-жазушылардың арасында Есениннің сериалынан кейін, ең көп қаралған осы фильм шығар. Себебі кез-келген қалам ұстаған жан бұл фильм жайлы біледі.
Сомерсет Моэм – атақты бисексуал, яғни қос жынысты жазушы. Жазушы өмірінің соңғы жылдарында былай дейді: "Өзімнің төрттен үш бөлігімді қалыпты, ал қалған төрттен бір бөлігін гомосексуал деп ойлағаным, менің өмірімдегі ең үлкен қателігім деп есептеймін. Шын мәнісінде бұл көрсеткіштер керісінше еді..." Демек Моем өзін 75 пайызға гомосексуалмын деп қабылдаған.
Жан Жене – бала кезінен-ақ өзінің гомосексуал екенін толықтай мойындаған жазушы. Қоғамның заңнамалары мен қалыптарына дес бермеген Жене 15 жасында кәліметке толмағандардың калониясына келіп түседі. Міне, осы колонияға түскен уақыттан бастап, сол жақтағы епті жігіттердің сүйіктісіне айналып шыға келеді. Осы үшін бе екен, кім білсін, әйтеуір оның кіл прозаны қылмыс пен гомосексуализм тақырыптарына арқа сүйейтіні жасырын емес.
Вирджиния Вулф – ағылшын жазушысы және әдебиет сыншысы. 1912 жылы ол да Оскар Уайлд секілді классикалық құндылықтарды алдыңғы орынға қойып, жазушы және журналист Леонард Вульфке үйленеді. Алайда 1922 жылы өмірін басқа арнаға бұрын жіберетін оқиға орын алады. Бұл оқиға ақын ару Вита Сэквилл Уестпен танысуы еді. Алайда екі арудың ортасында пайда болған махаббат Витаның сатқындығымен аяқталады. Кейіннен Вулфтің атақты романдарының бірі «Орланда» шығармасында Витаға деген махаббаты мен сүйіспеншілігі жөнінде, тіпті сатқындығы жөнінде баяндайды.
Уолт Уитмен – американдық ақын және публицист. Уитмен қызтекелер құқығын қорғау қозғалысының ең көрнекті және ықпалды тұлғаларының бірі болды. Тіпті оның шығармаларынан еркек денесінің сұлулығын мен жынысты қатынасты, гомосексуализмді дәріптеген мәтіндерді таба аласыз. Мұнымен қоса ақынның өмірбаянында Питер Дойл және Гарри Стаффорд есімді екі жас жігітпен екіұшты қарым-қатынастары туралы оқиғаларды кездестіресіз. Бірақ Уитменнің өзі ешқашан олардың сүйіктілері екенін ашық мойындамады.
Юкио Мисима – атақты жапон жазушысы. Жазушы өзінің гомосексуализмін ашып, оны маска артына жасыруға мәжбүр болған баланың оқиғасы «Масканың мойындауы» романында баяндалған. Иә, бұл жердегі бала Мисиманың өзі болатын. Мұнымен бірге Мисима үйленгеніне қарамастан, Токионың Гинза ауданындағы гей-барларға жиі бас сұғып тұрды. Оның үстіне жазушы қайтыс болғаннан кейін әйелінің мәлімдемесі біздің жазушыға қатысты сөздерімізді дәлелдей түседі.
Томас Манн – интеллектуалды прозаның шебері, Нобель сыйлығының лауреаты, неміс жазушысы Томас Манн өзінің «Венециядағы өлім», «Сиқырлы тау», «Доктор Фауст» шығармаларында басқаларға қарағанда дәлірек айтқанда, ескі дүниежүзілік тәртіптің аяқталуының көрінісі, сезім әлем туралы тағдырлар мен идеялардың бұзылуына әкеліп соқтыратын Еуропалық өркениеттің келе жатқан күйреуі туралы қалам тербейді. Оның бірқатар жұмыстарында, мысалы, «Венециядағы өлім» шығармасында гомоэротикалық мотивтер бар. Алайда Томас Манның өзі ешқашан қызтеке екенін көпшілік алдында мойындаған емес және оны жасыруға тырысып, үлгілі күйеу және алты баланың әкесі болуға тырысқан жазушы
Уильям Берроуз – 20 ғасырдың екінші жартысындағы негізгі американдық авторлардың бірі. Мұнымен қоса, Уильям да Аллен Гинзбург секілді америкалық бит буынның ең маңызды өкілі болып саналады. Берроуз дәстүрлі адами құндылықтардың аясында отбасын құрғанымен де ерлерге деген ықыласы басым болғанын айту керекпіз. Мұнымен қоса 99% жағдайда Берроуз өзі туралы жазды. Оның барлық дерлік туындылары өмірбаяндық сипатта және оның жеке басының, сезімдерінің әр қырын бейнелейді. Берроуздың шығармашылығында сыншылар үш негізгі бағытты атап өткен - нашақорлық, бақылау және гомосексуализм.
Майкл Каннингем – 1999 жылғы Пулитцер сыйлығының лауреаты, американдық қызтеке жазушы. Каннингем өзінің қызтеке екенін ашық түрде мойындаған санаулы қаламгерлердің бірі болып табылады. Тіпті қазіргі таңда да Нью-Йоркте өзінің айрылмас сүйікті һәм серіктесі, психоаналитик Кен Корбеттпен бірге тұрады.
Чак Паланик – америкалық жазушы және журналист. Ол өзінің гомосексуал екенін осыған дейін де бірнеше мәрте мойындаған. Қазіргі уақытта әйгілі жазушы ер сүйіктісімен бірге Вашингтон штатында тұрады. Алайда ол сүйіктісінің есімін әлі күнге дейін жариялаған емес.