Құрметті оқырман, маған осы мақаланың жобасы ресторанда, дастархан мәзірін аударып-төңкеріп көріп от...
ТЕМІРХАН МЕДЕТБЕК. ОСЫЛАЙ КЕТЕ БЕРСЕК...
1970
Осылай кете берсек—
Жіңішкеміз ұзіліп,
Жуанымыз қылдай болады;
Қызымыз күңдей,
Ұлымыз құлдай болады.
Осылай кете берсек...
Ойласам;
Өзегім өртеніп,
Жаным тұншығып,
Демім алқынады.
Осылай кете берсек—
Ойдағы суат тартылып,
Бойдағы қуат сарқылады...
Осылай кете берсек—
Түптің түбінде
Не болып,
Не қоярын—
Кәміл білеміз:
Киім таңдамайтын
Диуанадай,
Тиын талғамайтын
Қайыршыдай
Өмір сүреміз.
Осылай кете берсек....