Жамбыл облысында туысының көлігінен телефон ұрлаған жігіт ұсталды

Фото: dknews.kz

Жаңалықтар
99

Жамбыл облысы Байзақ ауданында туысының көлігінен ұрлық жасаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Polisia.kz мәліметінше, 44 жастағы әйел көлігін үйдің ауласына қойып, есіктерін құлыптауды ұмытып кеткен. Ол кейінірек автомобильдегі телефонының жоғалғанын байқаған. Келтірілген залал сомасы 170 мың теңге. 

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ұрлыққа қатысы бар 20 жастағы ер адамды анықтады. Ол жәбірленушінің туысы болып шықты, – делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам кінәсін мойындады. 

Жаңалықтар

Қыркүйек айының басында әлімжеттік салдарынан тағы бір оқушы көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz.&nb...

Жаңалықтар

Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса әлеуметтік желіде Әнару Құрманәліге қатысты бірнеше ақпаратты бөлі...