Павлодарда жоғалған екі жасөспірім балалар үйінен 30 шақырым жерден табылды, деп хабарлайды mad...
Қостанай облысында «Эйфель» мұнарасы бой көтерді
Суреттерді түсірген – Бердіболат Көркембаев
Аманкелдіде туристік хаб ашылды, деп хабарлады madeniportal.kz "Қостанай" таңы басылымына сілтеме жасап.
Айтулы кешен Сұлтан Бейбарыс ескерткіші мен Ұлттың жады қабырғасының салтанатты ашылуынан бастау алды. Белгілі меценат, Аманкелді ауданының құрметті азаматы Сапар Ысқақовтың айтуынша, Сұлтан бабаға ескерткіш қоюдағы негізгі мақсат – ұлы тұлғаға тағзым әрі жас ұрпақ бойында патриоттық сезім қалыптастыру.
“Әлемде Бейбарыс Сұлтанға қойылған ескерткіш өте аз. Қазақстанда қойылған бұл екінші ескерткіш. Біріншісі Атырауда тұр. Ал аттың үстінде айбарлы бейнесі сомдалған мүсіні әлемде алғаш рет Торғай жерінде қойылып отыр деуге болады”, – дейді ескерткіштің бой тіктеуіне барын салған кәсіпкер Сапар Ысқақұлы.
Тұғырымен қосқанда ескерткіштің биіктігі 8,5 метр, ал мүсін 4 метр.
Жалпы туристік хабтың аумағы – жеті гектар. Кешен ішінде жалпы саны 12 нысан салынбақ. Олар әлемнің жеті кереметі саналатын Пирамида, Тәж-Махал, Пальмира амфитеатры, Эйфель мұнарасы, тіпті Бразилия, Испания, Еуропа, Азия елдерінде кездесетін тарихи құрылыстардың көшірмесі ретінде жүзеге асырылды. Бұл алып құрлыстың авторы әрі іске асырушысы, ҚазКСР еңбек сіңірген құрылысшысы, кәсіпкер, меценат Сапар Ысқақов.
Аталған кешен Қостанай облысының туристік инфрақұрылымын дамытудың маңызды элементі болмақ. Жаңа нысандар түрлі халықтар мен дәуірлердің мәдени мұрасының элементтерін, сондай-ақ аймақтың бірегей табиғи көрікті жерлерін осылайша біріктірді.
Келушілер Эйфель мұнарасы (биіктігі 25 метр), Бейбітшілік және келісім сарайы, Венеция каналы және Сақ моншасы сияқты әйгілі жәдігерлердің көшірмесін көре алады. Қазіргі уақытта әлемдегі ең үлкен сәулет ескерткіштерінің бірі — Тәж-Махал көшірмесінің құрылысы жалғасуда, оның да биіктігі – 25 метр. Құрылыс жақын арада аяқталмақ.