Ағасының қолында құлдықта болған апалы-сіңлі адам танымастай өзгерді

Фото: madeniportal/Коллаж

Жаңалықтар
606

Ағасының қолында құлдықта болып, мал соңына түскен Назгүл мен Құндыз адам танымастай өзгерді, деп хабарлайды madeniportal.kz "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап.


2023 жылдың 6 қыркүйегінде халықтың жағасын ұстатқан жағдай Назгүл мен Құндыздың ауыр тағдыры еді. Содан кейін олардың оқиғасы ел назарына ілігіп, арнайы бақылауға алынды. Қыздарға “Көреміз” бағдарламасының жүргізушісі Руслан Өтепбай көмек қолын созып, психологтар да жұмыс жасады. Нәтижесінде Құндыз бен Назгүл ашылып өз ойларын айта бастады. 

“Қой бағатынбыз. Күннің ыстығында тезек жинайтынбыз. Жаман қап-қара болып кеткен едік. Қой бағатын едім ғой. Ұзақ еді. Құндыз үйде қалатын. Мал баққан кезде шаршайтын бұл. Қазір қарасаңыздаршы, әппақ”, - деді Назгүл. 


33 және 28 жастағы қыздар түрлі терапиялардан өткен. Қиын тағдырын артқа тастады. Қыздардың күтушісі де “Көреміз” бағдарламасында өз ойымен бөлісті.


“Қыздар өте жуас. Ақылды қыздар. Тыңдайды. Мен не айтсам да тыңдайды. Мысалы Назгүл үйдің жұмыстарын сүйіп істейді. Өте ақкөңіл. Байқағаным, ол сіңлісіне өте мейірімді. Құндыз еркелеу. Ол ән айтқанды, тыңдағанды жақсы көреді”, - деді күтуші келіншек.

 

 

Қылмыс

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының қараусыз қалған ғимаратынан сәбидің денесі табылды,...

Шоу-бизнес

Танымал айтыскер ақын, қазіргі уақытта әлеуметтік желіде коуч-психолог ретінде танымал Айнұр Тұрсынб...