Республика күніне орай біржолғы төлем алатындар анықталды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
693

Республика күніне орай азаматтардың белгілі бір санаттары біржолғы мереке алдындағы төлем алады, деп хабарлады madeniportal.kz massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды әкімдігі азаматтарға Республика күніне орай төленетін біржолғы төлем туралы хабарлады. Біржолғы төлемді ҰОС қатысушылары мен мүгедектері, АИТВ инфекциясы бар балалар, туберкулезбен ауыратын науқастар, барлық топтағы мүгедек адамдар және азаматтардың басқа да санаттары алады.

Мүгедектігі бар адамдар мерекеге 20 мың теңгеден алады. Қарағандыда олардың саны 22,5 мыңнан асады. АИТВ-мен ауыратын балаларға 87 мың теңгеден төленеді. Туберкулезбен ауыратын қарағандылықтар 18 мың теңге төлем алады.

ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 15 мың теңгеден төленеді. Қарағандыда мұндай алты азамат бар. Жауынгерлік әрекеттің ардагерлері мен Чернобыльдағы атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысқан адамдар 44 мың теңгеден алады.

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...

Жаңалықтар

Бұл ерекше жүздесу Лондонда өтті. Ең ұзын және ең қысқа әйелдер кездесіп, бірге шәй ішіп, әңгімелест...