Байсерке ауылында кәмелет жасқа толмаған екі қызды жүк көлігі қағып, біреуі оқиға орнында жантәсілім...
Жапа шеккен ана мен балаға пана болған орталық
Фото: дағдарыс орталығының әкімшілігі
Жергілікті кәсіпкер Шолпан Сансызбайқызы Қосшы қаласында «Ақ ниет» дағдарыс орталығын ашып, отбасында зорлық-зомбылық көрген ана мен балаларды паналатып отыр, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Аталған қоғамдық бірлестіктің өз жұмысын бастағанына көп бола қойған жоқ. Мұндағы басты мақсаты – отбасында құқай көрген әйелдерге психологиялық, әлеуметтік көмек көрсету. Орталықта аналардың кәмелетке толмаған балаларымен бірге орналасуына жағдай жасалады. Мұнда оларға алты айға дейін тегін тұруларына болады, сондай-ақ күнделікті ас-сумен қамтамасыз етілген.
Дағдарыс орталығында, одан бөлек, жапа шегушілерге құқықтық көмек көрсетіліп, түрлі мекемелерге қажетті құжаттарын рәсімдеуге жәрдем жасайды.
Орталық ғимаратының жалпы көлемі 350 ш.м аумақты алып жатыр. Онда тұрмысқа қажетті жасақ-жабдықтардың, электрлік қондырғылардың бәрі орнатылған. Есік алдында балалар ойнайтын және демалатын алаңқай жасақталған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да барлық ыңғайлылық қарастырылған. Медициналық көмек көрсету бөлмесі мен мамандарға арналған жұмыс бөлмелері бар.
– Әзірге өзімнің қаржыландыруыммен он кісіге дейін қабылдай аламын. Алдағы уақыта мемлекеттің тарапынан, қаржылай қолдау білдіремін дейтін азаматтардың тарапынан көмек болып жатса, бұдан да көп кісі қабылдауға болады. Біз «Мансап» орталығымен бірлесе жұмыс істейміз. Егер келген азаматтардың ішінен білім алып, өздері жетілуді көздегендері болса, сол орталыққа бағыттап, ары қарай жұмысқа орналастыруды қарастырамыз,– дейді Шолпан Сансызбайқызы.
«Ақ ниет» дағдарыс орталығы, сонымен қатар, «Іскер әйелдер» қауымдастығымен, «Аналар» кеңесімен, қалалық ішкі саясат бөлімімен бірлесе жұмыс істеп, қоғамдық мәселені жұмыла шешуге атсалысып келеді. Кәсіпкердің айтуынша, егер орталыққа жүгінген аналардың, балалардың 30 пайызының жағдайы реттеліп, қоғамнан өз орнын тауып кете алса, соның өзі жұмыстарының ақталғанын білдіреді дейді.
Көп жағдайда, қоғамда отбасылық қысым, зорлық-зомбылыққа ұшыраған, дағдарысқа тап болған әйелдер кімнен көмек сұрарын білмей жататын жайттар болады. Біздің орталық, сондай-ақ, гендерлік теңдік мәселесімен айналысып, отбасылық құндылықтарды насихаттайды.
Бұл коммерциялық құрылым емес. Мұнда әйелдерге алты айға дейін уақытша тұруға немесе күндіз бірнеше сағатқа паналап кетуге болады. уымен қамтамасыз ете аламыз.
«Ақ ниет» дағдарыс орталығының мамандары келушілерге экономикалық, тұрмыстық, психологиялық, медициналық, құқықтық, еңбек, мәдени, педагогикалық бағытта қызмет көрсетеді. Ол жөніндегі толық ақпаратты орталықтың әлеуметтік парақшасынан, отбасын қолдау орталығынан білуге болады.