Мемлекеттік рәміздерді дұрыс құрметтей алып жүрміз бе?

Фото: Ашық дереккөзден

Жаңалықтар
110

Азаттығымыздың айғағы, Тәуелсіздігіміздің тұғыры болған мемлекттік рәміздері – Қазақстан Республикасының  Туы, Елтаңбасы, Әнұраны – еліміздің басты құндылықтары. Аталған рәміздік категориялар еліміздің мемлекеттік егемендігін паш ететін өзекті нысандар болып табылады. Нақтырақ айтсақ, Қазақстанның қазіргі әлем мойындаған шекарасы аумағында аумағында елдік билікті тұтастай өз мемлекетіміз иеленіп отырғанын, сыртқы және ішкі саясатты өз мүддеміз бойынша анықтайтындығымызды білдіреді. Сондықтан оларды құрметтеу әрбір азаматтың парызы.
«Адамнан жасырғанды, Құдайдан жасыра алмайсың», әйтсе де барлық қазақстандықтар үшін қастерлі болған осы символдарымызға кейбіреулерді немқұрайлы қарайтыны, тіпті ашық жақтырмайтыны өтірік емес. Өзегіңді өртейтін осы ащы шындық ұлтжанды азаматтардың шымбайына батып жүргені рас.  
Ата Заңымызда мемлекеттік рәміздері құрметтеу міндеттелген.  Ту,Елтаңба және Әнұранның орналуы мен орындалуына қатысты қатаң стандарттары бар, ол тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады. Кейде әлдебір салтанатты жиындарда Мемлекеттік Әнұран  орындалған кезде орындарынан тұрмай, әйтпесе қолын жүрек тұсына қоймайтын кісілерді көреміз. Бірақ оларға қандайда бір шара қолданылғанын естімеппіз. Тіпті
Конституциялық заң нормаларының талабы бойынша Әнұран орындалған кезде салтанатқа жиналғандар күйтабақтан шырқалып жатқан әуенге қосылып, оны бірге айтса, тіпті нұр-үстіне нұр болар еді. Көпшілік жиындарды рәмізге қатысты бұл шарттар да онша ескеріле бермейді. Бізді қынжылтатыны осы. Сіз не ойладыңыз, ағайын?!

Жаңалықтар

2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша елорда аумағында 4100-ден астам интернет-алаяқтық дерегі т...

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...