Илья Ильиннің жаттықтырушысы өмір бойына спорттан шеттетілді

Фото: olympic.kz

Спорт
361

Илья Ильиннің жаттықтырушысы Алексей Ли  допинг жанжалына байланысты ауыр атлетикадан өмір бойына дисквалификацияланды, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kzтілшісіне сілтеме жасап. 

Халықаралық тестілеу агенттігі бұған дейін қазақстандық жаттықтырушыны спорттық қызметтен уақытша шеттеткен болатын. Бұның басты себебі — біздің титулды ауыр атлеттеріміз: Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және Нижат Рагимовқа қатысты допинг жанжалы еді. 

ITA ұлттық құраманың 63 жастағы тәлімгерді өмір бойына дисквалификациялау туралы шешім қабылдады, ауыр атлетика Федерациясы ақпаратты растады.

Сонымен қатар, Виктор Ни, Алексей Геннадьевичтің інісі, жұмыстан шеттетілуі мүмкін. Ол бойынша әлі ресми шешім жоқ. Командада ол жылдар бойы аға жаттықтырушы қызметін атқарып келді. 

Жаңалықтар

2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша елорда аумағында 4100-ден астам интернет-алаяқтық дерегі т...

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...