«Ешқандай ұзатуда бұлай жыламаппын»: Роза Әлқожа марқұм Оразалының қызын шығарып салды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
3732

Отандық танымал әнші Роза Әлқожа жақындарының қуанышына барып, той үстінде егіліп жылап қалғанын айтты. Оның себебі өнер иесі Instagram-дағы парақшасында түсіндірген, деп хабарлады madeniportal.kz Malim.kz сайтына сілтеме жасап.

Роза Әлқожа Қарағандыға өзіне жақын жандардың қызының ұзату тойына арнайы барған. Әнші қалыңдықтың марқұм болып кеткен ата-анасына берген сөзінде тұрып, қыздарын өзі ұзатқан. Алайда бұл ұзату той өнер иесі үшін аса әсерлі болған. Ол тіпті бұған дейін бұлай егіліп жыламағанын алға тартты.

Жүрегім парша-парша болып кетті! Ешқандай ұзатуда дәл бұлай егіліп, төгіліп жыламаппын! Егер анаң мен әкең бар болғанда, сен дүркіреген той мен дүбірлі думанның кейіпкері болар ең. Ешкімді әурелемей, ақырын ғана азаматымның қолынан ұстап кетем деген екенсің. Оған жұртың көнбей, аз уақытта осылай ұзатуға бел буған. Айшатай, Нұр-Айша, жаным, сен тектінің тұяғысың. Асылдың сынығысың. Біздің досымыздың өзісің, ізісің! Барған жеріңде бақытты бол! Сен соған лайықсың! Ботам, бағың ашылсын! Арманыңа жет! Нұрсұлтан мен Нұрайша – Оразалы мен Ажардың Алашқа аманаттап кеткен перзенттері. Сіздер де тілеулес болыңыздар! Жастар бақытты болсын, - деп жазды Роза Әлқожа.

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...

Жаңалықтар

Бұл ерекше жүздесу Лондонда өтті. Ең ұзын және ең қысқа әйелдер кездесіп, бірге шәй ішіп, әңгімелест...