«Талаптар күшейтілді»: Таксистердің тасымалдау қызметіне өзгерістер енгізіледі

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
198

Келесі жылдан бастап жеке тасымалдаушы ретінде тіркелген жеке тұлғаларға ғана тапсырыстар беріледі, деп хабарлады madeniportal.kz ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Осы және өзге де өзгерістер жайлы ОКҚ өткен брифингте ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы мәлім етті.

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, Көлік министрлігімен бірлесіп, автотасымал түрін жүзеге асыру үшін өз бағдарламаларын ұсынатын компаниялармен меморандумдар жасалған.

«Меморандум аясында жүргізушілерге, еңбек және демалыс режимін сақтауына, медициналық тексеруден өтуіне, жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелеріне қойылатын талаптар күшейтіледі. Интернет-агрегаторлар осы кезде қосымшаларының жұмысын пысықтап жатыр, ал 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап интернет-агрегатордың иелері жеке тасымалдаушы ретінде тіркелген жеке тұлғаларға ғана тапсырыстар беретін болады», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Жаңалықтар

2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша елорда аумағында 4100-ден астам интернет-алаяқтық дерегі т...

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...