«Бұл отарлау құралы»: Ресей Қазақстанның баспа нарығын иемденіп жатқаны рас па?

Фото: freepik.com

Жаңалықтар
232

Қазақстандық баспагер Бақытжан Бұқарбай Мәжіліс отырысында Қазақстанның кітап нарығына Ресейден қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Баспагердің айтуынша, соғыс басталғаннан бері Ресей баспагерлері санкцияға ұшырап, кітап басуға рұқсат ала алмай жүр. Сондықтан олар компанияларын Қазақстанға көшіре бастаған. Кейін ресейлік баспалар өз кітаптарынан бөлек, ішкі нарықтағы тапсырыстарды алуға көшкен.

«Ресейдің Украинаға қарсы әскери күштеріне байланысты бізде ресейлік баспалар тіркеліп жатыр. Енді Мемлекет нарықты қорғауы керек. Протекционизм қазақстандық баспаларды қорғау үшін жұмыс істеуі тиіс», - деді Бақытжан Бұқарбай.

Оның айтуынша, қазақстандық баспалар мемлекеттік субсидия алатын ресейлік баспалармен бәсекеге түсе алмайды. Өйткені Ресейден келген кітаптар төмен бағамен сатылады.

«Ресейлік басылымдардағы кітап құны 600-700 теңгеге сатылады, ал қазақстандық кітаптың орташа бағасы шамамен 5000 теңгені құрайды. Ресей мемлекеті өз баспасын субсидиялайды, соның арқасында олардың кітаптары бес есе арзан болуы мүмкін», - деді баспагер.

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...

Жаңалықтар

Бұл ерекше жүздесу Лондонда өтті. Ең ұзын және ең қысқа әйелдер кездесіп, бірге шәй ішіп, әңгімелест...