Ауруханада шыққан өрттен 10 нәресте көз жұмды

Фото: freepik.com

Жаңалықтар
504

Үндістанның солтүстігіндегі Джханси қаласында Махарани Лакшми Бай медициналық колледжінің жаңа туған нәрестелерге арналған неонаталдық жансақтау бөлімінде өрт болды. Салдарынан 10 нәресте қаза тауып, тағы 16-сы ауыр жағдайда, деп хабарлайды madeniportal.kz turkystan.kz хабарлайды.

Dw.com сайтының мәліметінше, өрт өткен кеште Джханси қаласындағы Махарани Лакшми Бай медициналық колледжінің жаңа туған нәрестелерге арналған жансақтау бөлімінде шыққан.

Times Now үнді басылымының мәліметінше, тағы 16 нәресте ауыр халде жатыр. NDTV телеарнасының хабарлауынша, өрт шыққан сәтте жаңа туған нәрестелерге арналған жансақтау бөлімінде 54 нәресте болған.

AFP агенттігінің мәліметінше, Үндістанда өрттер жиі орын алады, себебі бұл елде құрылыс сапасы төмен, халық тығыз орналасқан және қауіпсіздік ережелері сақталмайды.

Жергілікті әкімшілік өкілі Авинаш Кумардың айтуынша, өрттің болжамды себептерінің бірі – қысқа тұйықталу.

Билік өкілдері өрттің себебін анықтау үшін тергеу комитеті құрылғанын мәлімдеді.

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...

Жаңалықтар

Бұл ерекше жүздесу Лондонда өтті. Ең ұзын және ең қысқа әйелдер кездесіп, бірге шәй ішіп, әңгімелест...