Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бұйрығына сәйкес Абайд...
Алматының денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен қаланың қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Әсия Айқанқызы Ақанова тағайындалды, деп хабарлады madeniportal.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Әсия Ақанова дәрігерлер отбасында туып-өскен. «Болашақ» бағдарламасының түлегі бола отырып, University College London (2013 және Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетін (2015), «Жалпы Медицина» мамандығы бойынша докторантураны (2016) бітірген. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жергілікті және мемлекеттік басқару мамандығы бойынша оқуын аяқтады (2024). Іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие.
Әсия Ақанова еңбек жолын 2011 жылы ҚазҰМУ отбасылық медицина кафедрасының зертханашысы және әдіскері, доценті, кейін кафедра меңгерушісі болып бастаған. 2018-2020 жылдар аралығында Алматыда Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашумен және оған басшылық жасаумен айналысты. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ол VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты болып табылады. Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ отбасылық медицина кафедрасының доценті ретінде ғылыми-педагогикалық қызметін жалғастыруда.