Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев Қазақстанда жылқы сүті зауытын ашу керек деп есептейді, деп жазады m...
Ерлан Қошанов мәжіліс депутаттарын күлдірді (ВИДЕО)
Сурет ашық дереккөзден алынды
Заң жобасын талқылау барысында депутат Мархабат Жайымбетов сөз алды, деп хабарлады madeniportal.kz.
"Қайта құру және Даму банкі біздің сенімді серіктесімізге айналды. Үш жүзден аса жоба қолдау тауып, 11 миллиард теңге қаржы құйылды. Экономикамыздың дамуына үлкен үлес қосып жатыр. ...Құрметті әріптестер, айтылғандарды ескере отырып, осы заң жобасын қолдауды ұсынамын", - деді ол.
Мәжіліс төрағасы Қошанов депутаттың пікіріне қызық реакция білдірді.
"Талқылау барысында осы заңды қабылдау жөнінде ұсыныс түсті. Қарсылық болмаса, осы ұсынысқа дауыс берулеріңізді сұраймын. Сіздің Сахараға да, Еуропаға да баяндамаларыңыз ұқсас екен", - деді Қошанов.
Еске сала кетейік, Қаржы министрі Мәди Такиев "Еуропа Қайта құру және Даму банкін құру туралы келісімнің 12-бабының 1-тармағына әдеттегі операцияларға жарғылық капиталдық шектеуді жою мақсатында түзетулерді ратификациялау туралы" заң жобасы жөнінде баяндама жасады.