Жазықсызға жала жапқан әйел адамның өзі сотталды

Фото: opennews.kz

Жаңалықтар
140

Шығыс Қазақстан облысында зорлау туралы көрінеу жалған хабарлау оқиғасы анықталды, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhyтілшісіне сілтеме жасап. 

Тергеу барысында биыл ақпан айында азаматша «Ш» өзінің танысы «К»-мен пәтерде масаң күйінде онымен өз еркімен жыныстық қатынасқа түскені анықталды. Ал келесі күні ол құқық қорғау органдарына оны зорлады деп айыптап, жалған мәлімдеме жасады.

Әйел адамның жалған айыптауының нәтижесінде жазықсыз адам қылмыстық қудалауға ұшырап, тергеу жүргізілді.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде «жалған жәбірленуші» ҚР ҚК 419-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасаудағы өз кінәсін толық мойындады (ауыр қылмыс жасағаны туралы көрінеу жалған хабарлау) және кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтініш білдірді.

Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен «Ш» Қылмыстық кодекстің осы бабы бойынша кінәлі деп танылып, шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - делінген прокуратура хабарламасында. 

Жаңалықтар

2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша елорда аумағында 4100-ден астам интернет-алаяқтық дерегі т...

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...