Мүфтият энергетикалық сусындарды ішуге тыйым салды

Фото: ашық дереккөзден

Жаңалықтар
187

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Мүфтият құрамында алкоголь бар энергетикалық сусындарды ішпеу керектігін айтты.

Энергетикалық сусындардың құрамында алкоголь аз мөлшерде болса да оны ішуге тыйым салынады, - делінген мүфтияттың мәлімдемесінде.

ҚМБД үндеуінде кез келген сусынның құрамында алкоголь, зиянды заттар, харам, нәжіс нәрселер болмаса, оны қолдануға рұқсат екені айтылған. Сонымен қатар мүфтият энергетикалық сусындардың денсаулығы зиянына да тоқталған.

Ал құрамында адам баласының денсаулығына зиян беретін заттар болса (алкоголь, қауіпті заттар, харам, нәжіс т.б.) қолдануға тыйым салынады. Энергетикалық сусындарды жиі қолдану ағзаға (жүрекке, жүйке жүйесіне, қан қысымының жоғарылауына, қант диабетіне, семіздікке, аяқ-қолдың діріліне, т.с.с.) қауіпті екені медицина тұрғысынан нақтыланған. Сондықтан мұсылман адамға мұндай сусындардан аулақ болғаны дұрыс, - деп мәлімдеме жасады ҚМБД. 

Жаңалықтар

2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша елорда аумағында 4100-ден астам интернет-алаяқтық дерегі т...

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...