Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің сарбазы Ербаян Мұхтар әлі қалпына келмесе де, аурух...
Зейнеткерді несиеге батырған алаяқ ұсталды
Фото: kursiv.media
Қостанай облысында полицейлер қарт адамдарға алаяқтық жолмен несие және шағын несие рәсімдеген пошташының бірқатар алаяқтық әрекеттерін әшкереледі, деп хабарлайды madeniportal.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицейлердің айтуынша, пошта қызметкері зейнеткерлерден хат немесе зейнетақы алғанын растау үшін суретке түсуді сұраған. Осыдан кейін мобильді қосымшалар арқылы оларға несие мен шағын несие рәсімдеп тастап отырған.
Шығынды түсінбей, шырғалаңға тап болған сенгіш әрі көңілі таза қарттарға келтірілген жалпы шығын 2,3 миллион теңге болды.
Бұған дейін Батыс Қазақстан облысының Бөрілі ауданында зейнеткер алаяқтардың жолына түсіп, оларға өз еркімен 100 миллион теңге беріп, екі аптаның ішінде депозитінен ақшасын алып, қылмыскерлердің шотына аударған.
Полиция осындай пошташының қолға түскені туралы бейнежазба таратты.
Полиция осындай пошташының қолға түскені туралы бейнежазба таратты.