Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Ұлы даланың жеті қыры» мақ...
Тұрғындар үшін ештеңе өзгермейді. СҚО-да 45 ауылды тарату жоспарланып отыр
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Солтүстік Қазақстан облысында 45 ауылды тарату жоспарланып отыр. Аз халқы бар ауылдар көршілес елді мекендерге қосылады. Аймақтық өзгерістер облыстың он бір ауданындағы елді мекендерді қамтиды, деп хабарлайды madeniportal.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Мұндай ауылдардың бірі - Красноперовка. Бұрын бұл жерде 120 отбасы тұрған, ал қазір тек екі тұрғын қалған - біреуі мал ұстайды, екіншісі оны бағады. Бір жыл бұрын ауылда электр жарығы өшірілген, бірақ тұрғындар үйлерін тастап кетпеген.
"Мұнда көп мал ұстайтын, 12 мың бас. Жалақы жақсы болатын. Адамдар да жақсы еді. Орыстар, татарлар, қазақтар - барлығы тату өмір сүрді. 90-жылдары, ел тараған кезде, мектеп жабылды, жұмыс жоқ, барлығы көшіп кетті. Көпшілігі қалаға кетті. Біз екеуміз ғана қалдық", - дейді ауыл тұрғыны Атлас Файрушин.
Тарату аймақтағы тағы 45 ауылды қамтиды, әрқайсында 10-нан аз адам тұрады. Олардың жетеуінде мүлде адам жоқ.
"Ешкім тұрмайтын жеті ауыл толығымен таратылады. Ал қалған 38 ауыл жақын, үлкенірек және болашағы бар елді мекендерге қосылады. Олар сол ауылдардың бір бөлігі ретінде есептеледі. Тұрғындар үшін ештеңе өзгермейді, олар бұрынғыдай өмір сүре береді. Бұл ауылдар басқа ауылдардың көшесі ретінде қарастырылады", - деп түсіндірді СҚО әкімінің баспасөз хатшысы Тимур Әбдірешов.
Айта кетейік, Қазақстан заңнамасына сәйкес 50-ден аз адам тұратын ауылдар таратуға жатады. Облыста мұндай 141 ауыл бар. Олардың барлығы болашақта ірі елді мекендерге қосылады немесе еліміздің спутниктік карталарынан мүлдем жойылады. Қазіргі уақытта облыста 635 елді мекен бар. Бұған дейін аймақта 160 ауыл таратылған болатын.
Жаңалықтар
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...
Спорт
Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...
Оқи отырыңыз
Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқын...
Жаңалықтар
Байсерке ауылында кәмелет жасқа толмаған екі қызды жүк көлігі қағып, біреуі оқиға орнында жантәсілім...
Жаңалықтар
Қарақат Әбілдина "Қарақатпен шай" бағдарламасын түсіру барысында қандай оқиғалар бол...
Жаңалықтар
Қазіргі таңда елімізде ресми түрде 50-ден астам ұлттық бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген. Телеар...
Жаңалықтар
Президент құқық қорғау органдарына журналистерге қарсы бағытталған бірқатар қылмыс бойынша мұқият те...
Жаңалықтар
25 сәуір мен 25 мамыр аралығында бүкіл ел аумағында экологиялық айлық жалғасатын болады.Бүгін Ақпара...
Жаңалықтар
Президент елордадағы әлеуметтік нысандарды аралап көру барысында отбасылық SANA Sport орталығында бо...