Өзбекстанда жыртқыш аңдардың қойылымдарда өнер көрсетуіне тыйым салынбақ

Фото: видеодан скриншот

Жаңалықтар
65

Өзбекстанда ел үкіметінің қаулысына сай, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап жабайы жануарларды мемлекеттік және көшпелі цирктерде ұстауға рұқсат жоқ, деп хабарлайды madeniportal.kz qazaqstantv арнасына сілтеме жасап.

Бұған бірнеше себеп бар. Ең алдымен, жабайы аңдардың көшпелі цирктерде өте ауыр жағдайда өмір сүретіні, үйретушілердің оларға қатігездік

танытатыны жайлы дерек көп. Ойын тамашалуға барған баланы немесе ересек адамды жыртқыштың жарақаттаған кездері де аз емес. Бұл өте қынжыларлық жағдай, - дейді эколог маман.

Бүгінде цирктің немесе жеке тұлганың иелігінде болуына тыйым салынған аң-құстың тізімі жасалған. Олардың қатарына аю, арыстан, жолбарыс, қасқыр, жылан мен маймыл секілді хайуанаттар, жыртқыш құстар кіреді. 

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...