Елордада Қарулы Күштер тарихи-танымдық мұражайында Қазақстан суретшілер академиясының академигі, бел...
Қорды қабылдап алу, бақылау және толықтыру қызметі
Негізгі бағыттары:
- ҚР Ұлттық кітапханасының қорын кітапхананың тақырыптық-құрылымдық үлгісіне сәйкес жүйелі түрде отандық баспа басылымдарының, Қазақстан туралы әлем халықтарының тілдерінде басылып шыққан кітаптар мен басқа да құжаттардың, ТМД және шетел баспа басылымдарының барлық түрлерінің топтамаларымен толықтыру;
- Кітапхана қорын толықтыруды әмбебап құрамды, әралуан түрдегі және тілдегі барлық басылымдар мен құжаттарды жинақтау арқылы қамтамасыз ету;
- Республикалық бюджет бағдарламасынан бөлінген қаржыны әдебиеттер және мерзімді басылымдар түрлерін сатып алуда тиімді пайдалану.
Негізгі қызметтері:
- ҚР Ұлттық кітапханасының қорын толықтырудың тақырыптық-құрылымдық үлгісін жасау және іске асыру;
- ағымдағы және ретроспективті кітап қорын толықтыру ісін кітапхананың басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жүргізу;
- ҚР Ұлттық кітапхана қоры қозғалысының санағын жүргізу;
- баспа басылымдарының міндетті даналары, сатып алу, сыйға алу, кітап алмасу (ТМД елдерінен және халықаралық кітап алмасу), мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар секілді қорды толықтырудың негізгі көздерімен жұмыс жүргізу;
- Кітапханаға түскен басылымдарды АБИС бағдарламасының «Қорды торлықтыру» модулі бойынша қабылдау, қадағалау, есепке алу, тіркеу, техникалық өңдеу, компьютерге енгізу және оны тиісті бөлімдерге тапсыру.
Құрылымы:
- Қазақстан Республикасының басылымдарымен толықтыру секторы;
- ТМД елдерінің басылымдарымен толықтыру секторы;
- Шет ел басылымдарымен толықтыру және Халықаралық кітап алмасу секторы;
- Мерзімді басылымдармен толықтыру тобы.