«Хан Ордалы Сарайшық» мұражай қорығы

МУЗЕЙ
3875

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы. Тарихшы ғалымдар оның пайда болуын ХІІІ ғасырда, яғни Шыңғыс хан мен Батудың жасаған шапқыншылығымен байланыстырады. Әзірге белгілі болған деректерге сүйенсек, бұл орын туралы жазба мәліметтер ХІУ ғасырдың алғашқы жартысынан басталады да, оларда Сарайшық гүлденген қолөнері мен сауда қаласы болғандығы айтылады.

Сарайшық туралы алғашқы жазба дерек қалдырған арабтың белгілі географ-ғалымы, саяхатшысы Ибн-Батута. Ол өзінің саяхаттарының бірінде, 1334 жылы «Үлкен Сарай» қаласынан шығып, Азияға жасаған сапарында Сарайшық қаласында болған. Бұл жөнінде ол: «Біз Сарайшық қаласынан ат жеккен арбамен он күн  жол жүріп, Сарайжук қаласына жеттік. Бұл Ұлысу деп аталатын үлкен, терең, ағысы қатты өзеннің жағасындағы гүлденген әсем қала екен және дүние жүзіндегі Бағдаттан кейінгі екінші жүзбелі көпір осында екен» деп жазған. Сарай-жук –монғолша кіші Сарай  деген мағнаны білдіреді.

Ол кезде Алтын Орда үлкен Сарай, Сарайшықты кіші Сарай  деп атаған. Осыған байланысты қаланың атының да Сарайшық аталуы (қала-қалашық, сарай-сарайшық, кішкентай деген мағынада). Сарайшық қаласы Қасым ханның кезінде Қазақ Хандығының  тұңғыш астанасы  болған. Қала 1580 жылы орыс патшасы Иван Грозныйдың әдейі жіберген казактардың қолынан қиратылған.

Көп жылғы ғалымдардың зерттеулері, қала орнына жүргізілген қазба қорытындылары, әсіресе 1996-2000 жылдары Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясының Сарайшық қаласының орнына жүргізген зерттеулеріне сүйене. Көп жылдардан жинақталған жәдігерлерді  толықтырып, 1999 жылы 3 қыркүйекте Көне Сарайшық қаласының тарихын, жалпы ХІ-ХУІІ ғасырдағы қазақ халқының тарихына арналған «Хан Ордалы Сарайшық» мұражай қорығы ашылды. Музей Атырау қаласынан 50 км қашықтықта, Махамбет ауданында орналасқан.

Хандар Пантеоны. Авторы сол кездегі облыс әкімі Иманғали Тасмағамбетов. Биіктігі 17 метр, 8 қабырғалы. Қабырғалар арасына Сарайшықта жерленген жеті ханға арнап құлпытастар қойылған. Бұл құлпытастарға қара мраморға жазылған хандардың аттары мен хандық құрған мезгілдері жазылған.

Бұл хандар:

1. Мөңке-Темір (1266-1282 жж)

2. Тоқтағу (Тоқты) (1291-1312 жж)

3. Жәнібек (1343-1353 жж)

4. Әмір – Оқас (1440-1447 жж)

5. Қасым хан (1511-1518 жж)

6. Ших Мамай (1542-1549 жж)

7. Жүсіп (1549-1554 жж).

Мұражай. Мұражай ішіне Сарайшық қазбасынан шыққан тарихи жәдігерлер қойылған, ХІУ ғасырдағы Сарайшық қаласының макеті жасақталған. Мұражайдың естелік кітабынан осында әр мезгілде болған қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, өнер шеберлерінің шет елдік қонақтар мен көрермендердің ой-пікір, тілектерін оқуға болады.

Жаңалықтар

2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша елорда аумағында 4100-ден астам интернет-алаяқтық дерегі т...

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...