Мұстафа Шоқай – бүкіл түркі әлемінің тарихи тұлғасына айналған біртуар азамат. Алаш партиясынд...
Өлкетанушы-тарихшылардың Солтүстік Лигасы құрылмақ
«Ақмола облысы білім беру мекемелердің мұражайларды дамыту бағдарлама» жобасы аясында Бурабай ауданының «Звездный» балалар сауықтыру орталығында 2018 жылдың 1-2 наурызында Teach-in форматындағы «Балаларға арналған өлкетану: идеялар мен тәжірибе» республикалық семинары өтті.
Облыстық Ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, семинарға Ақмола, Қарағанды Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 160 ұстаз, өлкетану және туристік үйірме жетекшілері, тарихшы-ғылымдар қатысты.
Семинар аясында теоретикалық және тәжрибиелік дәрістер мен мастер-класстар, сонымен қатар «Мектеп мұражайы жұмысының белсенді және интерактивті нысандары» атты диалог алаңы ұйымдастырылды. Диалог алаңының негізінде ғалымдар мен жастарға арналған өңіраралық зерттеу экспедициялары ұйымдастырылып, тәжірибелерімен бөлісті. Әдістемелік, әдіснамалық және сандық түрде оқу құралдарын әзірлеу бойынша шешімдер қабылданды.
Ұстаздардың назарына Ақмола облысы жас зерттеуші-өлкетанушылармен дайындалған «Отанымның картасында аудан бар» өлкетану фоторепортажы, «Менің ауылым: өткені мен бүгіні» видео-презентациясы ұсынылды.
«Бүгінгі таңда еліміздің барлық аймақтарымен қатар Ақмола облысының қасиетті орындарына да қызығушылықтар артуда. Біз тарихи-мәдени және табиғи мұраны мақтан тұтып, келесі ұрпаққа сақтап қалуымыз қажет», - деді «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшы орынбасары Батырхан Жұмабаев.
Семинар қатысушылары еліміздің інжуі саналған – Бурабайдың көрікті жерлері: Бурабай ауданының визит-орталығы, табиғат саябағы, тарихи оқиғаларға байланысты аңыздар, Қазақстанның қасиетті картасына енген нысандарды (Кенесары хан үңгірі, Абылай ханның тағы, Оқжетпес тауы) аралады.
Қазіргі таңда Ақмола облысында 205 мектеп мұражайы жұмыс істеуде, оның негізінде зерттеу жұмысымен оқушылар айналысуда. Білім беру мекемелерінің 140 мұражайында «Рухани жаңғыру» бағытында экспозициялар жаңартылған.
Кездесудің басты қорытындысы ретінде ақмолалықтардың бастамасымен тарихшы-өлкетанушылардың Солтүстік Лигасын құру ұсынылды.