Жүрсін Ерманды Президенттік сайлауға ұсынушылар Алматыда бас қосты

Жаңалықтар
3208

Екі күн бұрын порталымызда "Жүрсін Ерман Президенттік сайлауға түседі. Қолдайсыз ба?" деген материал жарияланған еді. Көп жұрт "белгілі ақынға қуыршақ болып не керек? Бұл - жалған ақпарат" деген болатын. Кеше "Нұр Отан" партиясының кезекті съезіне қонақ боп қатысқан ақынды көргенде, Ерман ойынан айныған болды дескенбіз. Сөйтсек...

Бүгін, дәл осы уақытта, кешкі сағат 19.00-де Алматыдағы Қазақстан Жазушылар одағы ғимаратында Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының "кезектен тыс" құрылтайы өткелі жатыр екен. Оған республиканың түкпір-түкпірінен жыршы, айтыс ақындары, жазушылар, қаламгердің достары қатысатын көрінеді. Мақсаттары біреу: Жүрсін Ерманды Президенттік сайлауға ұсыну.

Мұны халық қолдай ма? Әуелі, Жүрсін ақынды сайлауға түсуге итермелеген не жағдай? Өз еркімен бе, әлде, тапсырыс па? 

Мұның бірнеше себебі болса керек.

Бірінші, саяси технологтар Украинадағы секілді бір "шоуға" бейім адамды сайлауға өздері үкілеп қатыстырмақ. Ол Зеленский секілді КВН-щик болса, ұлтымызға, мемлекетіміздің беделіне сын деп ойласа керек. Ендеше, беделі де бар, танымалдығы да әжептәуір Жүрсін Ерманнан оңтайлы адам жоқ. Жүкең бұл жағдайда "жақсы әртіс" бола алады. 

Екінші, бұл Жүрсін Ерман бұрыннан елдің алдында жүргенді ұнататын адам. Әдебиетте Жүрсіннің поэзиясы дейтіндей ештеңе жоқ. Жүрсін Ерманның өлеңдері Мұқағали Мақатаевтың жырларының көшірмесі деп білетін жұрт көп. Әдеби орта онша мойындамайды. Жүкең осы сайлауға түсу арқылы билікпен "саудаласып", Мемлекеттік сыйлықты алуды көздейді. Осы сайлау кезінде билік сценарийінің үдесінен шыға алса, онда 2020 жылы Мемлекеттік сыйлық алады.

Үшінші,"билік бізде демократия, еркіндік, кім сайлауға түссе де өз еркі" деген "позициясын" көрсеткісі келеді. Осы сайлауда сөзі өткір, тілі өтімді адам керек. Басқа партиялардың атынан түсетін сықиған шенеуніктер елді желпіндіре алмайды. Сол үшін де Жүрсін Ерман керек.

Жүрсін Ерманды таныстырудың қажеті жоқ шығар. Ол – айтыс жанашыры, бірнеше жыр жинақтарының авторы...

Жебе Жұман

author

Жүрсін Ерман

АҚЫН

Жаңалықтар

Талдықорғанда із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам бір күннен кейін өртенген көліктің ішінен өлі табылға...

Жаңалықтар

Қазақстандық 18 жастағы азамат “Қырымға соғысқа барамын” деген хабарламаның салдарынан ш...