Қонысбай Әбіл, Қазақстанның халық ақыны. Біз біргеміз Тексермей-ақ мекенжайын, тұрағын, Елеместен ж...
Коронавирус бойынша жиі қойылатын сұрақтардың жауабы
Алматы қаласы бойынша Әлеуметтік медицианылық сақтандыру қорының бөлімшесі коронавирусқа қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабын дайындады.
Коронавирус инфекциясының белгілері қандай?
ЖРВИ мен тұмауға ұқсас:
- Түшкіру
- Әлсіздік
- Бас ауруы
- Температураның көтерілуі
- Тамақтың жыбырлауы
- Кеуде ауыруы
- Жүрек соғуының көбеюі
- Жиі тыныс алу
Көп жағдайда бұл белгілер коронавирусқа емес ЖРВИ-ға байланысты пайда болады
COVID-19 вирусы қалай жұғады?
- ауа тамшылары арқылы (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде)
- тұрмыстық жағдайда, жанасу арқылы (көпшілік пайдаланатын заттар арқылы)
Не істеу керек?
— Санитарлық гигиена талаптарын сақтап, қоғамдық орындарға
сауда орталықтарына
базарларға
қоғамдық тамақтану орныдарына барудан бас тарту керек.
— Қолды жиі жуып, арнайы антисептикалық заттармен өңдеу. — Өзіңіз тұрған үй-жайды тазалықта ұстау. Оның ішін дымқыл шүберекпен сүртіп, тазалап, ғимаратты үнемі желдету. — Өзіңмен бірге бір реттік пайдаланатын қағаз сүлгілер алып жүтру, жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды жабу. — Ортақ тұрмыстық заттарды пайдаланбауға тырысу.
Коронавирустық инфекция белгілері қанша уақытта пайда болуы мүмкін?
Инкубациялық кезең 14-28 күнге дейін созылады.
Коронавирусқа анализдерді қайда тапсыруға болады?
COVID-19 вирусын анықтауға арналған тесттерді:
- Ұлттық сараптама орталығы
- Орталық республикалық зертхана
- Қалалық жұқпалы аурулар клиникалық ауруханасындатапсыруға болады.
Корнавирусты анықтайтын тестіні адамдар өз қалауымен тапсыра ала ма? Әлде белгілері байқалса ғана тапсыра ма?
Тексеруден:
- қолайсыз эпидемиологиялық жағдай және тіркелген ауру жағдайлары бар елдерден келген,
- клиникалық белгілері бар және коронавирустық инфекциямен ауырған адамдар өтеді.
қалған жағдайда талдауларды тапсырудың еш себебі жоқ
Ауру жұқтырған адаммен байланыста болсаңыз не істейсіз?
Ауру жұқтырған адаммен байланыста болсаңыз
1406 нөмері бойынша бірегей колл-орталығына хабарласып,
емханаға немесе жұқпалы аурулар аурузанасына жүгіну керек.
Басқа елден келген адамдар не істеуі керек?
Коронавирустық инфекция жағдайлары тіркелген елден келген азаматтар 1406 нөмірі бойынша бірыңғай колл-орталықпен байланысып, өзінің келгені туралы хабарлап, байланыс нөмерін қалдыруы тиіс. Сондай-ақ олар сіз өзінің тұрғылықты жері бойынша тіркелген немесе жұқпалы аурулар ауруханасына жүгіне алады. Олар ары қарай не істеу керегін түсіндіреді.
Ауру жұқтырған адамның отбасы не істеу керек?
Отбасы мүшелері анализ тапсырады. Тест нәтижелері бойынша аурудың таралуының алдын алу үшін оларды ауруханаға жатқызады немесе ешқандай белгілер анықталмаған жағдайда үй карантинін тағайындай алады.
Емдеу қалай жүргізіледі?
Емдеу белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі: вирусқа қарсы арнайы дәрі-дәрмектерді қолданып, жеке гигиена қағидаларын сақтау.
Коронавирус жағдайында міндетті түрде емханаға жату керек пе? Үйден емделуге бола ма?
Бұл әр адамның жеке жауапкершілігіне байланысты. Дәрігердің барлық нұсқауларын қатаң сақтайтын болса, үйде карантинде жатуға болады. Карантин кезінде адамдар өздерінің тұрып жатқан жерін тастап, басқа жаққа кетіп, сабаққа немесе жұмысқа баруына болмайды.
Негізгі гигиеналық талаптарды сақтаса, отбасының басқа мүшелеріне ауру жұқтыру қаупі төмендейді
— Яғни, маска кию, жеке ыдыстарды пайдалану, қолды жиі жуып, теріні зарарсыздандыратын құралдарды пайдалану, ғимаратты үнемі желдету.
Карантин қанша күнге созылады?
Карантин 14 күнге созылады. Науқастар ары қарай емхананың бақылауында болады.
Ауру жұқпаған адамдар міндетті түрде маска киіп жүру керек пе?
Дені сау адамдарға маска киюдің қажеттілігі жоқ
Үш қабатты немесе N95 респиратолық маскаларын алған жөн.
Карантин кезінде қалай тамақтану керек?
Арнайы витаминдерді қабылдаудың қажеттілігі жоқ. Қазір адамдар
құнарлы тамақтарды көкөністер мен жемістерді жеу керек
Мүмкіндігінше үйде жасалған тамақтарды жеген дұрыс.