1965 жылы табылған коронавриус COVID-19 емес

COVID-19
2012

Коронавирустан қорықпай, жұмысқа, көшеге шығыңыздар деп айту – іріткі салу. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Қазір коронавирус ешқандай жаңа ауру емес, ол 1965 жылы анықталған және адамдардың 70%-ында оған қарсы иммунитет бар деген ақпарат таралуда. Бұл жерде ескеретін мәселе бар. Дәрігерлер мен мамандар мені толықтырады деп ойлаймын. Коронавирус – ол вирус тұқымдасы. Оған 40-тан астам вирус кіреді. Атипиялық пневмония – бұл да коронавирус. Таяу шығыс респираторлық синдром – ол да коронавирустың бір түрі. Шынында, 1965 жылы осындай вирустың алғашқы түрі табылған. Бірақ, ол COVID-19 емес. Сондықтан, қазір коронавирустан қорықпай, жұмысқа, көшеге шығыңыздар деп айту – іріткі салу. Адамдарда COVID-19 вирусына қарсы ешқандай иммунитет жоқ. Санитарлық талаптарды сақтап, үйде отыру керек», - Дәурен Абаев Хабар24 арнасында өткен онлайн брифингте.

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...