42 500 теңге әлеуметтік төлемді Telegram арқылы алудың 7 қадамы

ҚАРЖЫ МӘДЕНИЕТІ
6945

Мемлекет басшысы 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырғанын, енді бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болатынын мәлімдеген еді. Аталған төлемді алудың оңтайлы тәсілі қарастырылды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан Telegram бот арқылы 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем алуға өтініш жасау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет: 

1-қадам: Өтініш беруші Telegram-ға кіріп, "EgovKzBot2.0" іздеп табу керек; 

2-қадам: "Төтенше жағдай кезінде 42 500 төлеу" қызметін таңдайды; 

3-қадам: Өтінішті қалыптастыру үшін қажетті деректерді толтырады, өз деректерін көрсетеді. Деректерді жібереді. 

4-қадам: Өтініш «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесіне келіп түседі, 1 күн ішінде деректер тексеруден өтеді (бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілердің өтініштері тексеруден өтпейді); 

5-қадам: Ақпарат "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа өтінішті өңдеу үшін "Е-Макет" ақпараттық жүйесіне 1 күн ішінде түседі; 

6-қадам: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ жәрдемақы тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-ға өтініш жібереді; 

7-қадам: Telegram-ға әлеуметтік төлемнің тағайындалуы туралы жауап жіберіледі. Төлемді жүзеге асыру ЕДБ-дағы төлем алушының шотына аудару арқылы жүргізілетін болады. 

Telegram-бот ағымдағы жылғы 2 сәуірден бастап жұмыс істей бастайды. 

Автор: Нариман Бекболат

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...