А.Балаева Жәңгір хан туралы тарихи сериалдың шығармашылық тобымен кездесті

Жаңалықтар
1183

Бүгін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Жәңгір хан туралы тарихи сериалдың шығармашылық тобымен кездесті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің facebook әлеуметтік желісіне сілтеме жасап

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы белесінде, егемен елдің көзқарасымен өткен тарихымызды қайта түгендеп, әсіресе өскелең ұрпаққа ұлт тұлғаларын терең таныстырып отырудың маңызы зор. Кілең талантты өнер майталмандарының қатысуымен түсірілетін телехикая биік талғамды көрермен қауымның көңілінен шығып, қоғам тарапынан зор ықыласқа ие болады деп сенемін», -деді А.Балаева.  

«Сарай сыры» тарихи сериалын "Qazaqstan" телерадиокорпорациясы түсіруде.  12 бөлімді телехикая Бөкей ордасында 1823-1845 жж. билік құрған Жәңгір ханның тұлғасы, сол кезеңнің кейбір тарихи сәттері туралы болмақ. 

Бұған дейін айтылғандай, «Qazaqstan» телерадиокорпорациясы биыл көпшілік назарына Жәңгір хан тұлғасына арналған «Сарай сыры» сериалымен бірге, Ахмет Байтұрсынұлы, Домалақ ана, Қаныш Сәтбаев, Жұмабек Тәшенев және Мұқағали Мақатаев туралы тарихи телехикаяларды ұсынады.

madeniportal.kz

author

Аида Балаева

ҚАЙРАТКЕР

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Жеңістің 79 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды, деп...

Жаңалықтар

Алматыда ер адам анасын аяусыз ұрып-соққан үшін қамалды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Қарияның а...