Алматы қаласында ҚР халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Фариза Оңғарсынованың құрме...
Париж Олимпиадасында нәтижелі өнер көрсету маңызды міндеттердің бірі - министр
Жиын барысында министр Олимпиадаға даярлық барысында спорттық медицина мен тамақтануды қамтамасыз ету, спортшыларды даярлаудың заманауи инфрақұрылымын құру маңызды екеніне тоқталды, деп хабарлайды madeniportal.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұдан бөлек, әртүрлі спорт түрлерінен ұлттық құрама спортшыларын даярлаудың тиімділігін арттыруға бағытталған Кешенді ғылыми топтың жұмысы да аса қажет. Спорт дәрігері, реабилитолог, нутрициолог, травматолог сияқты мамандарды шоғырландыру шараларын қолға алу қажет. Физикалық жаттығумен бірге спортшыларды даярлаудың медициналық-биологиялық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуі, кешенді тексерулері де маңызды мәселелер», - деді Ермек Маржықпаев.
«Осы жылдың маңызды оқиғаларының бірі – елордада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру және өткізу. Байрақты бәсекенің саламатты өмір салтын дәріптеудегі, бауырластық байланыстарды арттырудағы маңызын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы мәлімдеген болатын. «Спорт – бейбітшілік елшісі» деген сөз бар. Бұл спорт арқылы ортақ құндылықтарды қалыптастыру, халықтарды жақындастыру ұстанымын көздейді.
Бұл ретте, Көшпенділер Ойындарына әлемнің 100-ден астам елінен делегациялар қатысады деп күтілуде. Бұл Ойындарда спорттық ойындармен бірге мәдени және ғылыми бағдарлама да кеңінен ұсынылады. Ат жалында азамат болып ер жеткен қазақ халқы ежелден спортқа бейім. Бұл Ойындарда еліміздің құрамасы айбынды өнер көрсетуі үшін барынша жағдайлар жасауымыз қажет. Өңірлер дене шынықтыру және спорт басқармалары басшыларын ұлттық спорт түрлерін дамыту бойынша жұмысын жандандыруды сұраймын», - деді Ермек Маржықпаев.