Азия чемпионатында өнер көрсетіп жатқан қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары белгілі бол...
Қазақстан Дүниежүзілік банктің пандемия қорынан өтеусіз грант алды
Елордада Пандемия қорының гранты ресми түрде іске қосылды. Бұл туралы madeniportal.kz хабарлайды Денсаулық сақтау министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Пандемия қорының қаражаты елдің денсаулық сақтау жүйесінің эпидемиологиялық қадағалау, шекаралық бақылау, зертханалық қауіпсіздік, ерте анықтау және ден қою, сондай-ақ персоналды оқыту саласындағы міндеттерін шешуге бағытталатын болады.
Қазақстан ДДҰ Еуропалық өңірінің 36 елінің біріне айналды, үш жыл мерзімге 19 млн. АҚШ доллары сомасына елдік грант және 27 млн. АҚШ доллары сомасына көп елдік грант алды.
ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисі осы гранттың елде іске асырылуын үйлестіреді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жалпы техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.