Адам ұрлап, терроризмді насихаттаған 23 адам ұсталды (видеода)

Жаңалықтар
363

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырған операция шеңберінде Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу облыстары және Шымкент қаласында 8 топты ұстады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Олар өңірлерде адам ұрлау, оларды қорқыту, терроризмді насихаттау, заңсыз қару мен есірткі тасымалдау ісімен айналысқан.

17 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал 6 қатысты келу туралы міндеттеме қолданылды.

Ұсталған 23 адамнан 49 ату қаруы, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер, ақша және есірткі заттары тәркіленді. 

Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жұмысы жалғасып жатыр.


Жаңалықтар

Жетісу өңірінде жантүршігерлік жол апатынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Оқи...

Жаңалықтар

Қазақстандық әнші Жанар Айжанова әлеуметтік желіде тараған талғарлық Хасанмен бірге түскен суретіне...