Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады

Жаңалықтар
393

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің былтырғы атқар­ған жұмысының есебі бері­ліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды. Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай Президентке ман­саптық және позициялық мо­дель элементтерінен тұратын мемлекеттік қызметтің гибридті моделін қалыптастыру жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Сонымен қатар ашық мем­лекеттік аппарат құру, атап айт­қанда, жеке сектордан білікті мамандарды тарту және жоғары оқу орындарын үздік бітірген түлектерді төменгі лауазымдарға конкурс өткізбей-ақ тағайындау шаралары жөнінде мәлімет берілді.

Президентке e-Qyzmet жүйе­сі бойынша мемлекеттік қыз­метке іріктеу жөніндегі пилот­тық жобаның қорытындысы таныстырылды. Соның нәтижесінде бос лауазымдарға орналасу үшін конкурсқа қатысушылар саны 2,7 есе артты. Биыл e-Qyzmet ірік­теу жүйесін барлық мемлекеттік органға кезең-кезеңімен енгізу жұмыстары басталды.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа агенттіктің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақы­лау және басқару жүйесін бюрокра­тиядан арылту салаларына қа­тысты жұмыстары туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында Президент сер­вистік және адамдарға бейім­делген мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, мемлекеттік қыз­мет­шілердің кәсіби біліктілігін арттыру және мемлекеттік қызмет жүйесіне заманауи технологияларды енгізу ісін жалғастыруды тапсырды.

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...