Дайрабай Нұрғожаұлы
КҮЙШІДайрабай Нұрғожаұлы - (1823, Ақмола облысы Есіл өзені бойы - 1893, Ақмола облысы Есіл өзені бойы) - күйші, домбырашы.
Дайрабай әкесінің інісі Нарқожадан сыбызғы, ал ұстазы Көрпештен жетіген тартуды үйренген. Дайрабай Сегіз серінің көрнекті шәкірттерінің бірі. Одан қобызда, сырнайда ойнауды үйренеді. Дайрабай Сегіз серінің тобында болып, өз өнерін жан-жақты дамытады. Ұстазы оны күйшілікпен қатар жауынгерлікке, мергендікке, қолөнерге, аңшы-саятшылдыққа, атбегілікке баулиды. Дайрабай, сондай-ақ, Нияз сері, Біржан салдармен бірге болып, өнерін тыңдайды. Ол - "Айымжан", "Көк қаршыға", "Құла жорға", "Ителгі", "Қара нар", "Кер бала", "Қайран ұстаз", "Кеттің, асыл Жиенбай", "Дайрабай", "Қожық", "Тілеубай шаһбаз" -, т.б. көптеген күйлердің авторы.
Күйшінің "Дайрабай" күйі көптеген халық аспаптар оркестрлерінің репертуарынан берік орын алған. Осы күйдің негізінде Е.Рахмадиев 1963 ж. "Дайрабай" атты симфониялық поэма жазды.
Жасыру