Мәлік Батырхан
ӘНШІЕрмек Серкебаев, Крис Браун, Usher, Робби Уильямс, Майкл Бубле, Фрэнк Синатра сынды әншілерді сүйіп тыңдайды.
ТолығырақALEM (Ninety One)
Мәлік Батырхан ALEM Ninety One тобының мүшесі және «Қазақстан Дауысы» атты жоба финалисі ретінде танымалдылыққа ие болды. Жəне X фактор жобасының жартылай финалист. ОЛ 1993 жылдың 18 ақпанында Өзбекстан Республикасы Науаи облысының Үшқұдық қаласында дүниеге келген. Отбасында әкесі, анасы, ағасы және қарындасы бар.
Ресей Федерациясындағы Челябі қаласында Мәдениет және өнер академиясын аяқтаған, сонымен қатар музыка мектебінің домбыра класында оқыған.
Батырхан Малік Қазақстандағы ең ауқымды «Қазақстан Дауысы» республикалық деңгейдегі вокалды телевизиялық шоу жобасының 1 маусымының финалисі. Батырхан жобаның «Көрмей тыңдау» кезеңінде The Mamas & the Papas тобының репертуарындағы «Dream a Little Dream of Me» әнін орындады. Төрт тәлімгердің ішінен Медеу Арынбаев пен Алмас Кішкенбаев бұрылады, таңдау Батырханға түсіп, ол Медеу Арынбаевты таңдайды.
Қазақстандық байқаулардан өзге Барселонада (Испания), Берлинде (Германия), Ресейде өткен халықаралық конкурстардың лауреаты.
Қазіргі таңда 2014 жылы құрылған, Қазақстандағы алғаш рет Q-pop музыкалық жанрының негізін салушы Ninety One тобының вокалисі. Топқа BALA-мен бірге JUZ Entertainment агенттігі жүргізген кастинг арқылы қосылды. Басқапқыда топ атауы KTI-boys болатын, алайда 2015 жылдың 1 қыркүйегінде алғашқы «Айыптама» синглын жариялаған кезде, топ атауын Ninety One деп өзгертіілді.
Хоббиі: фильмдер көру, аниме жанрындағы туындаларды қарау (сүйікті анимесі: «Death Note»), футбол ойнау
Бойының ұзындығы: 174 см
Салмағы: 68 кг
Ермек Серкебаев, Крис Браун, Usher, Робби Уильямс, Майкл Бубле, Фрэнк Синатра сынды әншілерді сүйіп тыңдайды.
Жасыру