
Айбек Сейтов
ӘНШІБүркіт тынбай еңбек етіп, әрдайым көрерменін шығармашылығындағы жаңалықтарымен қуантып жүреді.
ТолығырақБүркіт (шынайы есімі — Айбек Сейітов) 12 шілде 1978 жылы Тараз қаласында туған.
Оның Айша деген жары және Зейін деген ұлы бар.
Ол – қазақ эстрадасының танымал әншісі десек, көпшілік көрермен бұл есімді танымай жатуы мүмкін. Өйткені өзінің көңілді, ырғақты әндерімен халықтың жүрегіне жол тапқан бұл әншіні көпшілік Бүркіт деп біледі. Осыдан он жылдан астам уақыт бұрын үлкен сахнаға қанатын қомдап шыққан әнші бүгінде қазақ өнерінің қыранына айналған. Бүркіт өзінің Алла берген ерекше дауысымен, сымбатты келбетімен, ашық-жарқын мінезімен өнерде де, өмірде де халқына сыйлы азамат. Өнерге жан-тәнімен берілген Бүркіт тынбай еңбек етіп, әрдайым көрерменін шығармашылығындағы жаңалықтарымен қуантып жүреді.