
Айгүл Қосанова
ӘНШІАйгүл Қосанова 1974 жылы 24 шілде де Маңғыстау облысында туған. "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері", "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының педогог-доценті.
Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын домбырада халық әндерін орындау класы бойынша бітірген.
Қазіргі кезде Президент оркестрінің солисі болып жұмыс істейді, сондай-ақ, Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық - цирктік колледжде дәріс береді. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясы аспирантурасының негізгі бөлімінде оқиды. Израиль, АҚШ, Австрия, Германия, Түркия, Малайзия және әлемнің тағы басқа елдерінде өнерлік іссапарда болды.
Марапаттары: Әміре Қашаубаев пен Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Республикалық конкурстың І-ші сыйлығының лауреаты.
"Дарын" Мемлекеттік сыйлығы (1999).
2010 жылы ҚР президентінің жарлығы бойынша "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді.
Жасыру