АЙТУАРОВ ЕРЛАН САХИПҰЛЫ
СУРЕТШІCypeтші тарихи картиналар, портрет, пейзаж жанрында жұмыс жасайды. Ол өзінің тарихи полотноларында қазақ ұлтының қазақ мемлекетінің қалыптасуындағы өте маңыздыкезеңдері жайында әңгімелейді.
Толығырақ1950 жылы туған, 1979 жылы Львов мемлекеттік сәндік және қолданбалы өнер институтын бітірген, кескіндеме, монумент өнерімен шұғылданады. ҚР суретшілер Одағының мүшесі, ҚР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның еңбек ciңірген қайраткері, ҚР-ның көркемөнеракадемиясының академигі. Cypeтші тарихи картиналар, портрет, пейзаж жанрында жұмыс жасайды. Ол өзінің тарихи полотноларында қазақ ұлтының қазақ мемлекетінің қалыптасуындағы өте маңыздыкезеңдері жайында әңгімелейді. Тарихшылардың, археологтардың,палеографтардың қол жеткенсоңғы табыстарына сүйене отырып, өзі баяндап отырған оқиғаныфилософиялық, моральдық-этикалық жағынан көркейтіп, өзіндік бір мағынаға бөлейді. Сондықтан даболар суретші бейнелеген тарихипроцестерді қабылдау тереңдетіліп шынайы маңызын күшейтеді. Ерлан Айтуаровтың тарихиполотноларының тілі метафоралы, композициясының әpбip көрінісіболып жатқан оқиғаны өткенкезеңмен, сонымен қатар болашақпен байланыстырып оқиғаны біртұтасуақыт ағымына біріктіреді. Суретшінің пейзаждары мен потреттерінде детарихқа деген құштарлық байқалады.Ерлан Айтуаровтың өткенді толық қамту, оған өзіндік баға беру талпынысынан халық тарихындағы өзгерістер кезеңі көрсетіліп, халықтың тұтастығын сезінген сәті белгіленген сәулеттік-пластикалық композициятуындайды.
Жасыру
Елордада Қарулы Күштер тарихи-танымдық мұражайында Қазақстан суретшілер академиясының академигі, бел...