Мұрат Әуезов
ҒАЛЫММұрат Мұхтарұлы Әуезов 1943 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Шығыс тілдері институтын, Әлем әдебиеті институтының аспирантурасын бітірген.
1965-1977 жылдары - КСРО Ғылым академиясы Азия және Африка институтының ғылыми қызметкері, Қазақстан Ғылым академиясы Философия және құқық институтының кіші, аға ғылыми қызметкері. 1977-1980 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі. 1980-1982 жылдары - Қазақстан тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының бөлім меңгерушісі. 1982-1988 жылдары - «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы, көркемдік жетекшісі. 1988-1990 жылдары - Халықаралық «Невада - Семей» қозғалысының вице-президенті. 1990-1992 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы Көркем аударма және әдеби байланыстар алқасы бас редакциясының төрағасы. 1992-1995 жылдары - Қазақстанның Қытайдағы Елшісі. 1995-1997 жылдары - Мәдени мәселелерді зерттеу ғылыми орталығының бөлім меңгерушісі. 1999 жылдан Халықаралық «Сорос» қоры Қазақ бөлімшесінің төрағасы болған. 2003-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры болған. Қазір М.Әуезов қорының президенті.
Ол «Үлкен жол», «Гүл іспеттес жол», т.б. деректі фильмдердің, «Времен связующая нить», «Иппокрена. Хождение к колодцам времен» атты кітаптардың авторы.
Жасыру
Боямасыз баяндар (Бірінші, екінші дәптері)Боямасыз баяндар (Үшінші дәптер)Қайсыбір жылы біз Монғолия...
Басыңдағы баспанаң ба мәңгілік? Қышқа басқан тас таңбаң ба мәңгілік? Бірге өскен бауырың ба мәңгілік...
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Астана қаласын...