Дархан Қыдырәлі
ҚАЙРАТКЕРДархан Қуандықұлы Қыдырәлі (16 cәуір, 1974 жылы, Түлкібас ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы) - ғалым, публицист, тарих ғылымдарының докторы. Шыңғыс Айтматов (ағылш. The Aitmatov Academy) атындағы халықаралық академияның академигі. Халықаралық "ПЕН" клубтың мүшесі. Қазақстан жазушылар одағының Басқарма мүшелігіне сайланған. ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының мүшесі. ІI сыныпты Кеңесші дипломатиялық рангі бар.
2007-2008 ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Министрдің кеңесшісі. 2008-2009 ж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сарапшы, сектор меңгерушісі ретінде қызмет атқарған. 2009-2012 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары болған. 2012-2014 жылдары Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары болып қызмет атқарды. 2014 жылдан бастап Халықаралық түркі академиясының президенті. 2016 жылдың шілдесінен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы. 2007-2008 ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Министрдің кеңесшісі. 2008-2009 ж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сарапшы, сектор меңгерушісі ретінде қызмет атқарған. 2009-2012 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары болған. 2012-2014 жылдары Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары болып қызмет атқарды. 2014 жылдан бастап Халықаралық түркі академиясының президенті. 2016-2022 жылдар арасында «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі
1991 жылы мектеп оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті бойынша өткізілген республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанған. ҚазҰУ (1991-1992 ж) және Түркияның Мармара (1992-1996 ж), Докуз Эйлүл (1996-1997), Эгей (1997-1998 ж), Ыстамбұл (1998-2001 ж) университеттерінде білім алған. Эгей университетінде 1998 жылы "Мұстафа Шоқайдың өмірі, қызметі және дүниетанымы" деген тақырып бойынша диссертация қорғаған. Ыстамбұл университетінде "Түркістанда жәдитшілік қозғалысы және оның Түркиямен байланысы" тақырыбында докторлық диссертация қорғап (2001 ж), "философия докторы" ғылыми дәрежесін иеленген. Абай атындағы ҚазҰПУ-да "Біртұтас Түркістан идеясы" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған (2010 ж). Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және Түркиядағы Ыстамбұл, Мимар Синан университеттерінің профессоры. Египеттегі Каир университетінде (2006 ж.) және Вашингтондағы Халықаралық лингвистикалық институтында (2013 ж.) біліктілігін жетілдірген. Мемлекеттік қызметкерлерге арналған тағылымдамалардан өткен. Мемлекеттік "Болашақ" бағдарламасының степендиаты.
Мұстафа Шоқай, Түркістан идеясы, алаш қайраткерлері, қазақ тарихы, түркі дүниесінің тұлғалары, түркология мәселелері, әдебиет тарихы және руханият тақырыптарында зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ыстамбұл, Анкара, Қазан, Уфа, Орынбор, Баку, Ташкент, Алматы, Қоқан, Самарқан, Бұхара, Каир, Париж, Вашингтон сияқты қалалардың мұрағат қорлары мен ғылыми кітапханаларында жұмыс жасаған. Түркі халықтарынан шыққан ойшылдардың шығармалары мен өлең-жырларын қазақ тіліне аударған. Халықаралық іргелі ғылыми жобалар мен халықаралық ғылыми конференцияларға қатысып, баяндамалар жасаған. Ғылыми монографиялар мен танымдық жинақтардың авторы. Көптеген ғылыми басылымдар мен әдеби-танымдық журналдардың редакция алқаларына мүше ретінде енген. Мерзімді басылымдарда 300-ге тарта ғылыми және танымдық-публицистикалық мақалалары жарық көрген. Еңбектері Түркия, АҚШ, Голландия, Франция, Польша, Чехия, Қытай және Ресей елдерінде жарияланған.
Мақпал Жұмабай министрдің кеңесшісі болды
Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өзінің жеке Facebook парақшасында жа...
Түркістанда көне түркі тіліндегі алғашқы Құран кітабының тұсауы кесілді
Халықаралық Түркі академиясы Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік у...
Басылымға 100 жыл: Egemen Qazaqstan жүз көшет отырғызды
Бүгін Egemen Qazaqstan газетінің редакциясы, ардагер журналистер, БАҚ басшылары басылымның 100 жылды...
ҚР Президенті TWESCO басшысы Дархан Қыдырәліні қабылдады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлін...