Ақбала Жанғабылов
КҮЙШІ1915—16 жылдардағы аласапыран кезде “Кертолғау” күйін шығарған. Әлзақ домбырашыны ұстаз тұтқан. 1932 жылғы ашаршылықта азып-тозып, көшіп-ауған халықтың қиыншылығын көріп, “Ай, қиын болды-ау!” күйін шығарған. Кейін бұл күй “Ақиын” аталып кеткен.
ТолығырақАқбала Жанғабылов (1896 жыл, туған қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Қараөзек — 1945 жыл, Отырар ауданы, Көлқұдық) — күйші, домбырашы.
1915—16 жылдардағы аласапыран кезде “Кертолғау” күйін шығарған. Әлзақ домбырашыны ұстаз тұтқан. 1932 жылғы ашаршылықта азып-тозып, көшіп-ауған халықтың қиыншылығын көріп, “Ай, қиын болды-ау!” күйін шығарған. Кейін бұл күй “Ақиын” аталып кеткен. Өзі сарып болып ауырып жатқанда үйде ойнап жүрген қызы отқа құлап кетеді. Кемтар болып қалған сәбиіне арнап “Ұлмекен” күйін шығарған. Сондай-ақ Ақбаланың “ Ықылас”, “Айжанның жүрісі”, “Шаңқобыз” тағы басқа күйлері бар.
Жасыру