Асылбек Еңсепов
КҮЙШІҚазақстандық күйші, домбырашы, музыкант. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2016). «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2004). «Платинды Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты (2004). «Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері» (1998).
ТолығырақАсылбек Еңсепов 1980 жылы 5 сәуірде Ақтөбеде туған. Қазақстандық күйші, домбырашы, музыкант. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2016). «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2004). «Платинды Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты (2004). «Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері» (1998).
А.Жұбанов атындағы музыкалық мектепті бітірген.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.
Асылбек - көптеген фестивальдер мен конкурстардың лауреаты (Түркияда, Францияда). 1992 жылы ол "Жаңа есімдер" Қазақтың мәдениет қорының стипендиаты болды. 1998 жылы "Ыстық көл" эстрадалық және фольклорлық халықаралық музыка сайысының Гран - приі, 1998 жылы Құрманғазы атындағы Халықаралық конкурстың сыйлығын алды. 1998 жылы "Шабыт" Республикалық шығармашылық жастар фестивалінің жеңімпазы болу - оның көп қырлы талантын танытады. 1998 жылы Еңсепов Асылбекке «Қазақстан жастар Одағының сыйлығы» берілді.
1992 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік степендияның иегері.
1998 жылы «Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері» атанды.
2004 жылы ҚР Үкіметінің "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
2004 жылы Қазақстанның тәуелсіз меценаттар клубының "ТАРЛАН" тәуелсіз сыйлығының иегері атанды
2016 жылдың 5 желтоқсанындағы елбасының жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды.
Әкесі - Жасарал Еңсепов (Педагогика ғылымдарының кандитаты, «Қазақстан Білім беру ісінің Үздігі»)
Анасы - Фарида (үй шаруашылығында)
Жары - Айжан Нүсіпбекова
Бауырлары - Айбек, Сырым.
Жасыру