
Болат Сыбанов
КОМПОЗИТОРБолат Сыбанов 1938 10 қаңтарда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жаңа Семей ауданы Изатолла ауылында туған. (1998 ж. Семей қ.) Актер, әнші-композитор, "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі" (1987).
1957 ж. Семей облыстық музыкалық драма театрына қабылданады.
Ойнаған рольдері:
Ол Қозы, Төлеген (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу", "Қыз Жібегінде"), Асан (М.Әуезовтің "Қарагөзінде"), Әбіш (Б.Майлиннің "Шұғасында"), Жаяу Мұса (З.Ақышевтың осы аттас спектаклінде), Досым (Қ.Аманжоловтың "Досымның үйленуінде"), Елисатов (К.А. Треневтің "Любовь Яроваясында"), Иван Позднышев (А.П. Штейннің "Толасында"), Әскер (У.А. Гаджибековтың "Аршин Мал-Аланында"), т.б. рольдерді орындады.
Жетістіктері:
1977 жылы өткен республикалық әншілер байқауының лауреаты.
Жасыру