Дидахмет Әшімханұлы
ЖАЗУШЫШығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жаңаүлгі ауылында дүниеге келген.
1968 жылы Шыңғыстай мектебін бітіргеннен кейін жол құрлысы учаскесінде жұмысшы, Большенарым аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі, Совет Армиясы қатарында (1969 - 1971) сарбаз, Алматы үй құрлысы комбинатында тас қалаушы болған. ҚазМУ-дің журналистика факультетінің (1972 - 1978) күндізгі бөлімінде оқи жүріп, еңбек жолын Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» (1975 - 1976), «Лениншіл жас» (1978) газеттерінде тілші болып бастаған ол кейін республикалық «Қазақстан пионері» (1978 - 1980) «Қазақ әдебиеті» (1980 - 1992) газеттерінде бөлім меңгерушісі, «Заман - Қазақстан» (1992-1993) газетінде бас редактордың орынбасары қызметін атқарды.
1993 жылдан 2015 жылға дейін халықаралық «Түркістан» газетінде бас редактордың бірінші орынбасары. Сондай - ақ, 2003-2015 жылдары «Ел - шежіре» қоғамдық қорының президенті, «Алаш» баспасының директоры болып қызмет етті. Дидахмет Әшімханұлы 1999 жылдың ақпан - маусым аралығында арнайы шақырумен Астана қалалық «Астана ақшамы» газетінде бас редактордың 1-інші орынбасары, 1993 жылдан өмірінің соңына дейін негізгі қызметімен қоса әр кезеңде «Атамұра» баспасында редактор, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің «Отан» журналында бас редактордың орынбасары, Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінің аға оқытушысы болды. Әдеби шығармасы тұңғыш рет баспасөз бетінде 1965 жылы 8 наурызда Большенарым аудандық «Еңбек туы» газетінде жарияланған («Шырқал, ән» Өлең).
Проза жанрында тұңғыш әңгімесі «Аққабаның толқыны» деген атпен 1975 жылы «Коммунизм туы» газетінде , «Арман қанатында» атты коллективтік жинақта (1978) жарық көрген. 1981 жылы «Аққабаның толқыны», 1987 жылы «Он бірінші күз», 1990 жылы «Каменная падь», 1997 жылы «Жер аңсаған Сарыатан», 2000 жылы « Самырсын сазы», 2004 жылы «Әңгіме емес әңгімелер» атты прозалық кітаптары «Жалын», «Жазушы», «Елорда» баспаларынан оқырманға жолдама алған.
Дидахмет Әшімханұлы - әдеби көркем шығармаларымен қоса жеті жүзге жуық публицистикалық туынданың авторы.
1986 жылдан СССР Жазушылар, Журналистер одақтарының мүшесі. «Жалын» жабық бәйгесінің екі мәрте жүлдегері. Жас жазушылардың Бүкілодақтық VIII кеңесіне қатысушы. Жекелеген бірнеше шығармасы неміс, қытай, моңғол, украин мары, татар, қырғыз тілдеріне аударылған. 2005 жылы халықаралық «Алаш» сыйлығына ие болды. Сонымен қатар, жазушының өзі А.Курчаткин, А.Аширов, Х.Абдуллин, Т.Минуллин, А.Лупан, Т.Пулатов, П.Пурэвсурен, Кришннабам Малл, т.б. көптеген шетел және туысқан халықтар жазушыларының жеке повестері мен әңгімелерін, Е.Шварцтың «Аждаха» пьесасын, ал соңғы жылдары ағылшын жазушысы Дж. Голсуорсидің новеллалар жинағын, Дж. Лонданның роман повестерін қазақ тілінде сөйлетті. Молдаван драматургы А.Кирийдің «Зона» пьесасы Дидахмет Әшімханұлының тәржімалауымен 1998 жылдан бері Ғ. Мүсрепов атындағы жасөспірімдер театрында қойылып келеді.
Дидахмет Әшімханұлы - қалың оқырман мен әдеби ортада әңгіме жанрының шебері, стилист, талантты журналист ретінде танылған қаламгер болды. Жазушы Дидахмет Әшімханұлы 2015 жылдың 23 мамырында дүниеден озды.
Жасыру«Жер аңсаған Сарыатан» деген кітабымның бірінші бетінде мынадай сөз бар: «Әке, әр...
Мен бұл аңыз-әңгімені бұдан елу жыл бұрын ел кезіп жүретін әлдебір емші шалдан естігем. Естігенде де...
Қысқа сөздің ұстасыҚарашаңырақта жылына екі рет, әйтпесе одан да көп боламын. Көбінде достарым бірге...
Джон ГолсуорсиОрыс тілінен аударған Д. Әшімханұлы"Тисса" зиратының кәрі директоры бәрі дай...
Жазушылық – тағдыр. Бұдан сәл кеңейтіңкіреп айтсақ, ұлт жолымен біте қайнасып кететін тағдыр....
Әңгіме, әдебиетте - оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.Әңгіменің жанрлық ерек...